Шымкент қаласының бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық эвакуауциялық комиссиясының төрағасы ретінде 2022 жылғы 16 қарашада комиссия отырысын өткізді. Іс-шараға эвакуациялық комиссияның мүшелері мен 123 қала мектеп директорлары қатысты.
Отырыс барысында эвакуациялық жинау пункттерінің дайындығы мен оларды халықты көшіру үшін автокөлікпен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды.
Эвакуациялық жинау пункті- Азаматтық қорғаныс жүйесінде эвакуацияланған халықты жинауға және есепке алуға, эвакуациялық колонналар мен эшелондарды қалыптастыруға, көлікке отырғызуға және эвакуацияланушыларды қауіпсіз аудандарға (қала сыртындағы аймақтарға) жөнелтуге арналған. Эвакуациялық жинау пункттері станциялар мен кемелерге отырғызу порттарының жанында, жаяу эвакуациялау маршруттарының жанында, адамдарды жинау үшін жағдай жасайтын орындарда орналастырылады.
123 құрама-эвакуациялық пункт Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен 2ГИС қызметкерлерінің бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесінде Шымкент картасына орналастырылды. Жинау пункттерінде эвакуацияланғандарға және зардап шеккендерге көмек көрсетіледі және қажетті ақпарат беріледі. Халықты қабылдау нүктелерін табу үшін іздеу жолына «ТЖ кезінде жинау пункттері» 2ГИС енгізіп, ең жақынын таңдау керек.
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес эвакуациялық жинау пункттерді іс жүзінде өрістету бойынша сабақтар өткізіп келуде. Жаттығу барысында эвакуациялық пункт жұмысының толық алгоритмі пысықталады. Өткізілген жаттығуларға талдау жасалынып, комиссия отырысында жіберілген кемшіліктерді болдырмауға ұсыныстар айтылды.
Жиын барысында жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары да сөз болды. Профилактикалық іс-шаралар барысында 5 164 адамнан тұратын барлық әлеуметтік осал отбасылар түсіндіру жұмыстарымен қамтылды. Екінші кезеңде жақханалар мен жатақхана ретінде қайта салынған үйлерде профилактикалық жұмыс. Профилактика шеңберінде пәтер тұрғындары арасында 3 862 адамды қамти отырып, газ жүйесіне қосылмаған жиырма шағын отбасылық жатақхана мен он жеті жатақхана арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал үшінші кезеңде жеке тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыс жүргізілді. Бұл ретте 33 459 адамды қамтыған 6 327 үйге барып түсіндіру жұмыстары мен 12 300 адамды қамтыған.
Leave a Reply