“ШЫМКАЙ” ЖИҺАЗЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов “Тассай” индустриялды аймағында орналасқан “ШЫМКАЙ” кәсіпорнына барып, жұмыс барысын көрді. Жеке кәсіп иесі Шымкентте жиһаз шығарумен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Цехты ашу үшін 750 млн. тг инвестиция салынған. Қазір мұнда жылына 54 000 дана жиһаз жасалынады.
“ШЫМКАЙ” ЖШС-на 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан жиһаз цехын ашу үшін мемлекет 10 жылға жалға беру мерзімімен 2 гектар жер берген. Бүгінде кәсіптің тасы өрге домалап, 50 адама тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Қала әкімі кәсіпорын басшысы мен ұжымға мегаполис экономикасының ілгерілеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан да барынша қолдау танытатынын жеткізді.
Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында биылғы жылы жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 150 жаңа жұмыс орнымен 5 инвестициялық жоба іске қосылады.
«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Аlem luxury» ЖШС-нің құрылысы жуырда аяқталды. Жиһаз өндіруге бағытталған фабрика жылына 5 мың өнім өндіруге әлеуеті бар. Жобаны жүзеге асыруға 500 млн теңге тартылған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов индустРиалды аймақты аралау барысында кәсіпорынның жұмысымен танысты.
 «Smart eng» жиһаз фабрикасы да осы индустриалды аймақта орнадасқан.  Жылдық әлеуеті 120 мың жиһаз өндіретін кәсіпорын жақын арада ресми түрде өз жұмысын бастағалы тұр. Нәтижесінде 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Аумағы 2 га жерге орналасқан фабриканың құрылысы 2021 жылы басталып, оған 750 млн. теңге инвестиция тартылған.
Айта кетейік, «Тассай» индустриалды аймағы 89 гектар жерді алып жатыр. Мемлекет тарапынан бөлінген 1,06 миллиард теңгеге жеке ком­паниялар 45,5 миллиард теңге инвестиция алып келген. Нәтижесінде бизнесті аумақта қарқынды жобалар жүзеге асырылып, тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған. Одан бөлек, шымкенттік жиһаздар шекара асып келетіндерінің орнын басып келеді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика