СУ ЖИНАҚТАҒЫШ ИМАРАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Қала әкімі Мұрат Әйтенов “Нұртас” елді мекенінде ораналасқан су жинақтағыш имарат құрылысын тексерді.  Айта кетейік, бұл имарат “Нұртас” елді мекені аумағында көп қабатты үйлердің салынуына байланысты алдағы уақытта су жетіспеушілігін болдырмау мақсатында салынып жатқан стратегиялық нысан.
Нысан құрылысы 1000 м3 су жинайтын 2 резервуардан, 2 насос, трансформатор және бақылау пунктінен тұрады. Аумағы темірбетон және болат сыммен қоршалған. Сонымен қатар нысанда 2 дана темір қақпа құрылысы мен көлік қою тұрағы және қоқыс тастау алаңшасы қаралған.
Аталмыш имарат құрылысы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Қала басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Шымкент қаласындағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендері ауыз суды кестемен тұтынады. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында биыл 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр.  Олар:  Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумақтары және Қайнарбұлақ е/м. Ал, Сайрам елдімекенінде құрылыс жұмысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Құрсай елдімекенінде екі кезеңнен тұратын жобаның 80 пайыздан астам құрылыс жұмыстары аяқталып, 270 шақырым су құбыры орнатылды. Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су құбырын тарту құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Осы жылдың қорытындысымен  Құрсай,  Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99%-ға жетеді. Жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика