Ішкі саясаттың бір құрылымы – гендерлік теңдік

Ішкі саясаттың бір құрылымы – гендерлік теңдік

 

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің конституциясына сәйкес сырқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану прцесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылым ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр. 2000 жылғы қыркүйекте өткен мыңжылдық самитте әлемнің көптеген елдерінің лидері, БҰҰ Мыңжылдық декларациясын қабылдады. Оның сегіз мақсатының бірі гендерлік теңдікті қолдау болып айқындалған. Гендерлік сясаттың негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Конститутциямен кепілдік берілген әйелдер мен ерлердің тең құқықығымен еркіндігін белгілейді.  Яғни, гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердің мінез құлқын, сондай –ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым қатынасты айқындайтын, нормалары мен рөлдердің жиынтығы.  «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс ( еркек, әйел дегенді білдіреді. Ал, гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қаоғамдық қызмет. Қазақтан Республикасының тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамытуға үлкен жұмыстар атқарылды.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ер мен елге қиын болған кезеңде әйел аналар отбасымен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білгенін атап өтті.Сондай — ақ, Елбасы әйелдердің өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейтіндіктеріне назар аударды. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медецина қызметкерлердің 87 пайызы әйелдер болып табылады. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы әйелдердің үлесінде.  Мемлекет басқарудың барлық жүйесін көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп, Тәуелсіздік жылдарынды ондаған әйелдер министр және мемлекетті органдардың басшылары болып тағайындалды.Жүздеген әйелдер Парламент пен мәслихат депутаты болып сайланды. Қазақсатан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік басқару органдар арасындағы әйелдер өкілеттігі 30 пайызға дейін көтеру міндеті қойылған. 2010 жылы ол көрсеткіш 10 пайыз көлемінде ғана болған. Сонымен қатар, мемлекет басшысы  әйелдердің мемлекеттік басқарудың шешім қабылдау деңгейіндегі үлесінің өте аз екендігін тілге тиек етті. Осы мәселелерді шешуге Президент Үкіметке Президент әкімшілігі мен, Ұлттық коммиссиямен және «НұрОтан» партиясымен бірлесе отырып, әйелдерді шешім қабылдау деңгейіне дейін жылжыту жөніндегі нақты жоспар жасауды тапсырды. 

 

Джаутургаев Галымжан

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының бас маманы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика