tom: 10pt; text-align: center;»>«Апай, әкем есіме түсіп кете береді» немесе
tom: 10pt; text-align: center;»>Балалар үйіндегі бір күн
tom: 10pt; text-align: center;»>
tories/IMG_8157.jpg» width=»448″ height=»244″ alt=»IMG_8157″ style=»float: left;» />Ол балалар ешкімді жатсынбады. Келген адамдардың барлығының бетін сүйіп амандасып жатты. Тіпті мекеме директорын көргенде бәрі жүгіріп барып, бетінін сүйіп қауышатыны олардың күнделікті әдеті екен. Өз аналарының жылы құшағын көрмеген кішкентайлардың саған осыншама жылылық сыйлап жатқанын көргенде ет жүрегің елжіреп, көз жасыңа ерік бермеу мүмкін емес сияқты. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің», — деп жатамыз. Бүлдіршін кезінен тағдыры бір арнаға тоғысқан балалар үйінің бүлдіршіндері бұл мақалдың мәйегін ер жетіп, ес жинамай-ақ ерте түсінген. Иә, «Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын». Қайырымды болу адамзаттың ең асыл қасиеті. Шымкент қаласындағы №4 балалар үйіне барып тәрбиеленушілерімен кездесу өткізген Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Тулепбергенов Серікбай Алдабергенұлы бастаған судьялар сот жазалаушы емес, қылмыстың алдын алушы, қоғамды тәрбиелеуші орган екенін көрсетті.
Балалар үйінің директоры Нұрсәуле Тастыбаева кірген бетте балалардың тыныс-тіршілігімен таныстырып, өнер сайыстарынан жүлделі орындарды иеленіп жүрген бүлдіршіндердің жетістіктерімен бөлісті.
— Біздің балалар өте дарынды. Оның дәлелі ретінде көптеген байқаулардағы олардың жүлделі орындармен оралуын айтар едім. Театрландырылған қойылымдардың ішінде ең қиыны мюзикл жанры болып табылады. Ол эстрадалық, хореографиялық, драмалық, опералық, т.б. сан түрлі өнердің әсерлі ерекшеліктерін біріктіріп көрсететін музыкалық-сахналық қойылым. Біздің балалар өнердің осы бір күрделі түрін мықты игергені көпшілікті таңдандырады. Өткен жылы Ұлы жеңістің 70 жылдығына байланысты соғыста әкесінен айрылған қыздың рөлін сомдаған Аружан есімді қызымыздың рөлді жеткізіп ойнағаны соншалықты залдағы барлық көрерменді жылатты. «Әкешім, сен неге мені тастап кеттің, Сен менің асқар тауым едің ғой»,- деп егіліп жылап тұрғанын көргенде «Аружан, сен бұлай қатты жыламашы» десем «Апай, әкем есіме түсіп кете береді. Осы рөлді ойнағанда іштегі сағынышымды айтамын» дейді. Боямасыз жүректі тербер әңгімені сауалмен жалғастырдық.
— Бүгінгі балалар ертеңгі бір отбасының иесі. Оларды отбасылық өмірге қалай дайындайсыздар?
— Өте орынды сауал. Қыздардан әдейі сұраймын ертең сендер бір үйдің бикесі боласыңдар. Қонақты қалай қарсы аласыңдар? – деп.
-Үйге кірген соң қандай шаруамен келіп отырсыз деп сұраймын? — дейді. Мен оларға келген қонаққа дереу «Не үшін келдің?» деп сұрауға болмайды. Қош келдіңіздер, — деп шай беру керектігін түсіндіремін. Олар отбасылық өмірдегі қарапайым қағидаларды білмейді. Соны үйрету мақсатында бүгінде қыздарға дәстүрлі тәрбие сабақтарын үйрететін «Смак» арнайы үйірме жұмыс істейді.
Нұрсәуле Бегұлықызы мектеп бітіруші түлектеріміздің барлығын грантқа оқуға түсіруге тырысамыз. Өйткені, грантта оқыса шәкіртақы алып, жүріп-тұруына қолында қаржысы болады, — дейді. Бізді ойландырғаны кәмелетке толған баланың әрі қарайғы өмірі болды. Өйткені, ол оқуға түспесе өзі жұмыс істеп, қоғамдық ортаға бейімделуге өзі әрекеттену керек екен.
tories/IMG_8148.jpg» width=»448″ height=»328″ alt=»IMG_8148″ style=»float: right;» />Балалар үйімен таныстыру әңгімесінен соң мәжіліс залында қонақтармен кездесу өтті. Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Тулепбергенов Серікбай өз сөзінде еліміздің сот жүйесіндегі реформалар мен жаңа жылдан бастап күшіне енген бірқатар заңдарды балаларға түсіндіріп берді. Төрағадан кейін сөз алған судья Ф.А. Балтаева балалар құқығы мен жасөсіпірімдер арасындағы құқықбұзышылықтың алдын-алу шаралары туралы әңгімеледі. Мұнан кейін кездесу сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Серікбай Алдабергенұлы балаларды пікір алмасуға шақырды. Араларыңда судья боламын, — деген балалар бар ма деген сауалға артқы орындықтардың бірінде отырған балалардың бірі орнынан тұрып «Мен әнші болғым келеді» деді.
— Өнерлі болған жақсы. Қазір әншілердің жеке өмірі жайлы көрсетіліп жатқан бағдарламалар да көп. Мүмкін сендерге, әншінің жұмысы табысты болған соң қызықты шығар. Судья болу туралы да ойланып көріңдер жұмысы өте күрделі, қызықты әрі жалақысы да жақсы, — деп қалжыңдады төраға.
— Ағай, Сіздің осындай тұлға болып қалыптасуыңызға ата-анаңыздың көмегі қаншалықты болды? – деді екінші бала.
— Әке-шешенің көмегінен бөлек, әрбір баланың бойында күш-қайрат, жігер, оқуға талпыныс болу керек. Өзіне сенген адам ғана өз мақсатына жете алады.
— Қыз баласына судья болу қиын емес пе?
— Қазақтан Республикасының тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамытуға үлкен жұмыстар атқарылды. Қазір әйелдер мемлекеттік басқарудың шешім қабылдау деңгейінде қызмет атқарып жүр. Егер сен білімді болсаң, еңбекте де бағың жанары сөзсіз.
— Қонақтар балалар үйіне құр қол барған жоқ. Оларға оқу құралдарын да ала барды. Балалар үйінің басшысы Нұрсәуле Бегұлықызы бүгінде қайырымды жандардың көптігін, тіпті құрбан айт күні бір күнде 27 қой түсті. Әр баланың несібесі болар асханамызда үнемі ең дәмді астар дайындалады, — дейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ұлағатты сүннет қазынасында жетімдердің жайын ойлауға жігерлендіретін хадистер өте көп. Соның бірінде кім Алла ризалығы үшін бір жетімнің басынан сипаса, оның қолы тиген әр тал шашы сайын жақсылық болады, — деп айтылады. Егер біздің балалар үйінде болған бір күніміз сізге ой салған болса, біздің де бір жақсылық жасағанымыз.
Ә. Әбішқызы
Leave a Reply