ҚОЛЖАЗБА ІЗДЕСЕҢІЗ. ОТЫРАР КІТАПХАНАСЫНА БАРЫҢЫЗ

 

Қолжазба іздесеңіз. Отырар кітапханасына барыңыз

Әр халықтың әдеби мұрасы сол халықтың рухани құндылықтарын құрайды. Халықтың ұлылығын,  тарихын танытатын көне мұралардың бірі – ауыз әдебиет үлгілері мен қолжазба қоры. Шымкент қаласындағы «Отырар» облыстық кітапханасында  сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын сақтайтын  бөлім ашылды. Бөлімнің мақсаты- рухани жәдігерліктерді жинау, зерделеу, сандық форматқа көшіру, ғылыми айналымға  түсіру. Қалың оқырман асыл қазынамызбен қауышса, ғылым жолындағы жастар бұл асыл қазынамызды зерттеп, ғылыми айналымға түсіріп, мәдени мұраны насихаттайды.

Сирек кітаптар бөлімінде өткен ғасырдың  50-жылдарында дейін шыққан  3194 кітап   сақтаулы. Ол кітаптардың  көне тарихтан сыр шертері анық. Екі-үш ғасырдың қойнауынан тіл қатар  көне кітаптар  араб тілі, латын шрифтерімен жазылған көне баспа кітаптары. XYII-XYIII  ғасырдағы көне кітаптар,екі ғасыр бұрын жарық көрген сирек энциклопедиялар,Абайдың латын және араб әріптерімен   жазылған өлеңдері  көненің көзіндей ардақты. 1824 жылы  Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген жазушы Вольтер Скоттың «Қызыл кітап»романы да оқырмандардың қызығушылығын туындатуда.

Өлкеміздің дамуынан сыр шертер облыстық газеттердің 1946 жылдан бергі сандары сақтаулы.

Көне кітаптар мен басылымдарды  сақтап,оны  көпшілікке қолжетімді  ету мақсатында  сандық форматқа көшіру  жұмысы қолға алынған.Жаңа технологиялар арқылы кітаптар мен басылымдардың  электронды  көшірмелері жасалынуда. Бұған қол жеткізуде кітапхананың  жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілуінің үлесі мол.Планетерлы ЭЛАР-сканердің  соңғы үлгісін озық технологияны қолдану барысында көне мұрағаттардың көшірмелерінің  сапалылығына көз жеткізудеміз.  Бөлімнің қоры негізінде «Сирек кітаптар бөлімінің каталогы» атты библиографиялық көрсеткіш құрастырылған.

Оңтүстік Қазақстан облысының тарихын қамтитын, рухани құндылықтарын құрайтын қолжазбалар бүгінгі күні жинақ болып жарық көруде. Көне жәдігерліктердің,қолжазба қорының көптігінен 500 томдық болып жоспарланған жинақтың қазіргі таңда 226 томы жарық көрді. Оңтүстік Қазақстан облысының тарихынан, рухани мұраларынан ,көне шежірелерінен, тарих қойнауынан  сыр шертер Қазыналы Оңтүстік аталатын  көптомдық та  бөлім қорын толықтыруда.

Көне қолжазбаларды көздің қарашығындай сақтауда  кітапхана көптеген жұмыстар атқаруда.Келешекте  ең көне кітаптарды  консервациялау шаралары қарастырылмақ. Сирек кітаптарды реставрациялау үшін  кітапхана қызметкерлерін  Ұлттық кітапханадағы арнайы  курстарда оқыту үшін келісім жасалынды. Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде оқыту жоспарлануда.

Сирек  кітаптар қоры бөлімі  өткен дәуір жәдігерін сақтап қана емес,  ілкімді ізденістердің, ғылыми зерттеулердің орталығына айналарына сенім білдіреміз.Сақтаулы қазына зерттеушілер мен ізденушілердің қызығушыларын арттыруда. Қолжазбалар зерттеліп, Қазыналы Оңтүстік көптомдығына айналып, баспадан шығуда. Студенттер мен оқушылар  ғылыми жұмыстар жазуда қордың  мұрағаттарын пайдалануда. Ел игілігіне айналған қолжазба қорын молайтуда да жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындардан,азаматтардан өткен ғасырдың ортасына дейінгі жазылған қолжазбалар мен кітаптар болса кітапхананың сирек кітаптар  қорына өткізсе, халықтың қазынасы -ортақ игілігімізге айналдыруын сұраймыз.

Гүлмира  Алпысбаева,

ОҚО «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының  ғылыми жұмысы бойынша директор орынбасары

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика