ШЫМКЕНТ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУ ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

2023 жылдың жаз айында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аз қамтылған отбасының балаларына қала сыртындағы жазғы сайықтыру лагерлеріне тегін жолдама беріледі. Қазіргі таңда мектептерде ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы Шымкентте 154 270 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 64,8 пайызын қамтиды. Оның ішінде 16 715 –і қала сыртындағы, 137 555-і мектеп жанындағы лагерьлерде демалатын болады.  Балаларды сауықтыру, жетілдіру, дамыту және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы лагерьлерде демалдыру үшін қала бюджетінен 308,5 млн. теңге қаралған. Оның ішінде, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген. Аталған қаржыға жалпы орта мектептерінен аз қамтылған 7 241 бала (85%), балалар үйінің 121 баласы (100%) және ерекше білім беру қажеттілігі бар 1 553 баласы (56%) қала сыртындағы лагерьлерде демалатын болады. Жаз мезгілін балалар асыға күтетіні белгілі. Маусым айындағы демалысты қызықты, көңілді өтіп ұйымдастыруға кеңес беремін. Алғашқы айда баланың ойы да, бойы да жақсы демалу керек. Тіпті бұл айда смартфонын сөндіріп тастағаны жөн. Егер мүмкіндік болса, балаларға арналған демалыс орындарына, лагерьге жіберген дұрыс. Ол жерде баланың тамақтануы, ұйқысы, демалуы, ойнайтын және шомылатын уақыты қадағаланады. Өз қатарластарымен баланың демалысы қызықты өтеді. Егер баланы лагерьге жіберудің реті келмесе, жазғы каникулдың бірінші айында табиғат аясында жиі отбасылық демалыс ұйымдастырып, шомылуға ертіп баруға болады. Бір жексенбіде хайуанаттар паркіне, келесі жексенбіде кинотеатрға мультфильм көруге баруға болады. Баламен бірге футбол ойнау, қыдыру, серуендеу, бірге кәуап пісіру – оның қалауын, хоббиін, армандарын, байқамай жүрген қабілетін білуге мүмкіндік береді. Жалпы, тек жазғы каникулда ғана емес, басқа айларда да сенбі-жексенбі күндері отбасымен бірге саябақтарға, табиғат аясына барып тұруға тырысу керек. Бұл отбасындағы балалар мен ересектер арасында түсіністік орнауына септігін тигізеді, көп мәселенің алдын алады.

Қызмет ақпарат

1884 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика