ШАҺАРДА ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҮЛКЕН ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАЛУДА

Қаламызда елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Әсіресе, тұрғындар мен балалардың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдайлар қарастырылып келеді. Мәселен, Қаратау ауданында қазіргі таңда 7 ашық спорт алаңшасы, атап айтқанда, Тұран шағын ауданында – 2, Нұртас шағынауданында – 2 спорт алаңша, Таскен тұрғын алабы, Өтеміс тұрғын алабы және Шапырашты тұрғын алабында 1 спорт алаңша жуырда тұрғындардың игілігіне берілетін болады. Аталған спорт алаңшаларда демалуға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылады. Сондай-ақ, ересектер үшін дене шынықтырумен айналысуға да мүмкіндік бар. Жаттығуға арналған Workout элементтері спортпен белсенді түрде айналысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 34 балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.  Ал Әл Фараби ауданында биыл 39 аулаға балалар алаңшасы салынып, қажетті спорттық құрылғылармен қамтылады. Сонымен қатар, ауданға қарасты Сәуле шағынауданында 2 ашық спорт алаңшасы салынып, пайдалануға беру жоспарланған. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Абай ауданында өткен жылы 32 жоба тұрғындар тарапынан ұсынылып, 5 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, жеке секторда 27 кешенді спорт және балалар ойын алаңшалары құрылған болатын. Биылғы жоспарда 2 көпқабатты үй ауласы және 16 кешенді спорт және жеке секторда балалар ойын алаңшаларын құруға қажетті қаржы қаралып, мердігер мекеме анықталуда. Атап өтетін жайт, орнатылатын спорт және ойын элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорында өндірілген отандық өнімдер. Спорт ол өміріңді ұзартып ғана қоймай, деніңнің саулығына өте пайдалы. Бұл ретте халықты жаппай спортқа баулу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

 

Қызмет ақпарат

1583 символ

  • Related Posts

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Жұмысшы мамандықтарының маңызы: Шымкентте жастарға арналған шаралар кешені өтті

    1000-нан астам жасты қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ірі кәсіпорындарға экскурсия, кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ментисессиялар, «Bir Tolqynda» диалог алаңындағы талқылаулар. Аталған шаралар кешенін Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы мен «Жастар…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика