Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды қалыптастыру» пилоттық жобасын әзірледі.
Жобаның негізгі тұжырымдамасы қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту.⠀
10 спорт алаңында таңғы және кешкі спорттық жаттығулар уақыт жиілігімен сағат 8:00-де, кешкі жаттығулар сағат 18:00-де өткізіледі, оған қаланың әрбір тұрғыны қатыса алады.⠀
Жаттығулар күнде сейсенбіден сенбіге дейін өтеді. Жаттығулар таңертең сағат 08:00-08:30 және кешкісін сағат 18:00-18:30 аралығында ұйымдастырылады.
Жексенбі және дүйсенбі — демалыс күндері
Халық көп жиналатын спорт алаңдары зерттелді, жоба 2020 жылдың 3 қарашасында іске қосылады, төменде мекен-жайлары көрсетілген:
1. «Абай» саябағы
2. «Металлургшілер» саябағы
3. «Отбасы» аллеясы
4. Қошқар-Ата жағалауы
5. «Тәуелсіздік» саябағы
6. «Орталық» саябағы
7. «Жеңіс» саябағы
8. «Дендросаябақ»
9. Нұрсат ш.а аллеясы
10. Қажымұқан атындағы «Орталық стадион» аллеясы⠀
Бұл қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге және бұқаралық спортты дамытуға көмектеседі.
Leave a Reply