ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бауыржан Әлтеев төрағалық еткен жиында бірқатар мәселелер қаралды. Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Данаев «Көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу» бойынша баяндама жасады.
Р.Данаев көлеңкелі экономикаға қарсы күрес және экономикалық қылмыстарды анықтау және тергеу бағытында 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Жыл басынан бері тергеу өндірісінде 138 қылмыстық іс қозғалса, 91 іс сотқа жолданды. Анықталған 875 млн теңге залалдың 460 млн теңгесі өндірілген. Сонымен қатар, шаһарда жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Оның нәтижесінде қорытынды шешімдер қабылданады.
Жиында Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Қоқанбаев қала тұрғындарын сапалы қоғамдық көлік қызметімен қамту, қаладағы жол құрылысы мәселелерін талқылау, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасының орындалуы мен нәтижесі туралы айтып берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық көліктегі мәдениетті көтеру бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, кезекті отырыста Шымкент қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстары туралы қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев баяндады.

«Агенттіктің тапсырмасы бойынша Департамент жұмысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы шеңберінде бағытталған. 9 айда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 3 сыртқы талдау және 9 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Бүгінгі таңда орындалған ұсынымдардың үлесі 85% және одан жоғары деңгейді құрайды» – деп атап өтті қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Басқарма орынбасары Ғ.Өсербай.

Спикердің айтуынша, әкімдік пен оның мекемелерінің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дербес анықтау және жою №4 ҮББ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тетігі арқылы жүргізілуде.

Аталған жоба аясындағы нәтижелермен қатар жұмыстағы кемшіліктер де атап өтілді.

«Жыл басында 22 бейінді басқарма мен әкімдікте ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша бірде-бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтамаған. Тек №4 ҮББ қызметкерлерінің араласуынан кейін аталған ұйымдарда қайта талдау жүргізіліп, 150-ден астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды» – деп атап өтті Ғалымжан Өсербай.

Талдаудың сапасын күшейту мәселелерімен қатар, Департаменттің білім беру, денсаулық сақтау, жер қатынастары салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сондай-ақ полицияның сервистік моделінің жұмысы бойынша ұсыныстары жеткізілді.

Одан бөлек, өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика