ҚАЛА КӨРКІНЕ КӨРІК ҚОСҚАН ТАРИХИ- МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР

Сайрам — сансыз баптар мекені. «Исфиджаб» атауымен тарихта аты қалған көне шахар мәдени мұраларымызға бай. Онда Қызыр мұнарасы мен Ибрагим ата мен Қарашаш ананың кесенесі де бар. Өткен тарихты саралап, болашақ ұрпаққа жеткізу баршамызға парыз.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшелері көшпелі кеңес өткізді. Бас қосуда еліміздегі тарихи мәдени ескерткіштердің сақталуымен қорғалуы жайында ақпараттар берілді.

Шымкент қаласындағы 7 тарихи-мәдени ескерткіш республикалық маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енген. Ал, 8 нысан жергілікті маңызға ие орындар қатарында. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған «Қазақстанның жалпы ұлттық киелі орындары» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы – кең байтақ Қазақстандағы тарихы терең өңір. Әсіресе, Сайрам қалашығы аумағында қасиетті әулие ата-бабаларымыздың кесене-күмбездері, тарихи-мәдени ескерткіштері бар. Олардың әрқайсысы өз алдына тұнып тұрған шежіре.

Айта кетейік, Шымкент қаласынан республикалық маңызы бар тізімге енген 7 нысанның барлығы да Сайрам тұрғын алабына кіреді. Алтауы қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің санатына енген.

Назкен Cкандар

shymkenttv.kz

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика