Қала әкімі өрт депосының құрылысымен танысты

Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы мен қосымша ғимарат салынып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Нысанның орналасқан жер телімінің  жалпы ауданы — 1,2 га. Аумақта атқарылуға тиіс құрылыс жүз пайыз орындалып жатыр. Жоспарға сәйкес салынып жатқан өрт сөндіру депосының құрылыс басына қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов бастаған топта тиісті басқарма басшысы да бар. Нысанға арнайы барып, жұмыс барысын тексерген олар мердігер мекеме басшылығымен де кездесті. Тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына сапаны қадағалай отырып, ғимараттың мерзімінен кешіктірілмей берілуін тапсырды.

Құрылыс жұмыстары биыл басталған болатын. Жоспарға сәйкес ғимарат құрылысы келесі жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Төтенше жағдайлар министрлігі сәуір айынан бастап  ұлттық парктердің, табиғи қорықтардың, сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлерінің өртке қарсы жағдайы мен дайындығын тексеруге кіріскен. Ал мамыр айының соңында министрліктің өрт инспекциясы аталмыш тексерістерді аяқтайды.

Осындай шараларға қарамастан, елімізде өрттің қауіпті кезеңі басталғаннан бері 42 көктемгі орман өрті тіркелген. Өрт 668 гектар жерді шарпыған.

Айта кететін жағдай, жыл сайын елімізде шамамен төрт мың табиғи өрт (орман өрті – 500, дала өрті – 3 500) туындайды, көбінесе өрттің ауданы 180 мың гектардан асып кетіп жатады. Ал одан келетін шығын да шаш етектен. Статистикалық мәліметке сүйенсек, залал 200 миллион теңгедей болады екен.

Өрт сөндіру жұмыстарында техника үлкен мәнге ие. Сол себепті қрт сөндіру техникаларының сапалы болуы барынша қадағаланады. Еліміз бойынша 3381 өртке қарсы техника қолданыста. Олар әртүрлі санаттар бойынша бөлінеді. Мысалы, сыйымдылы, құтқару аймақтары, атқаратын жұмысы ескеріледі.

Жалпы техникалардың 13%-ы жаңартуды қажет етеді. Олар негізінен 70-80 жылдардағы техникалар. Олар мүмкіндігінше пайдаланылып жатыр. Республикалық бюджеттен де қаражат бөлінуде. 3-4 жылдан бері өңірлерде техниканы лизингке немесе басқа да бағдарламалармен алу мәселесі шешіледі. Биыл 1-кезеңде 60-тан астам техника алынды, екінші кезеңде олардың саны 118-ге жетті. Жалпы республикалық бюджет есебінен 175-ке жуық техника алу жоспарланған. Қазіргі таңда техникаларды жаңарту мәселесі бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Орман-дала өрттерін жоюдың үкіметтік жоспарында 43 мың өрт сөндіруші бар. 9 мыңнан астам техника бірлігі, су ағызу құрылғылары бар 10 тікұшақ және 46 өрт сөндіру пойыз қамтылған.

Кейбір аймақтарда өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің болмау мәселесі де шешіліп жатыр. Мәселен, өңір әкімдіктері өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізуде. 2021 жылдың өзінде еріктілер дала өрттері мен тұтану салдарын өз беттерінше жоя алды. 

Өртке әсер ететін факторлардың көп бөлігі адамдардың қатысуымен болатынын жоғарыда атап өттік. Өрттің алдын алу шараларын дер кезінде жүргізетін болсақ, тілсіз жаудың алдын ауыздықтайтын едік. Сол себепті тұрғындар да өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларын толық білгені абзал. Халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуының зардабы өте көп.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика