tories/434_402848b86f996e34ed65edcf164bfad1 .jpg» border=»0″ align=»right» />Өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айрылған Владислав Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсенов «Арқанкерген» шекара бекетінде өртеніп кеткен 19 мәйіттің болғандығын айтып отыр. Бұл жайында Tengrinews.kz мәлімдеді. Ресми құжаттарда аталмыш оқиға орнынан тек 15 мәйіттің табылғандығы көрсетілген. Оның 14-і әскерилердікі, ал, біреуі қорықшының денесі.
2012 жылдың 26 желтоқсанында Сәрсенов түсірген апелляциялық шағымда «Арқанкергенде» табылған денелердің сол күйі зерттелмегендігі айтылған еді. Өзінің мұндай болжамын ол оқиға орнын қарап шыққан сот сарапшыларының хаттамасына сүйене жасаған. Заңгер сот отырысында Челахтың шекара бекетінен белгісіз біреулерді көргендігі жөнінде айтқан сөзін де мысалға келтіріп отыр. Сотталған шекарашы ғимаратты өртеместен бұрын бөтен екі тұлғаның мәйітін көргендігін айтқан болатын.
Сәрсенов жазғандай, «Арқанкергендегі» оқиғадан кейін түсірілген бейнекадрлардан өртеніп кеткен офицерлік құрам үйінің орнында екі темір кереует табылған және олардың арақашықтығы 1,5 метрдей. Олардың әрқайсысының астынан жанып кеткен сүйектер шыққан. Алайда, бір кереуеттің астынан табылған сүйектер толық бір адамның мәйіті емес екендігі анықталды. Олар тым қатты күйіп кеткендіктен сарапшылар зерттей алған жоқ. Салдарынан екі кереуеттің астынан табылған сүектерді мамандар бір адамдікі, яғни қатардағы жауынгер Рүстем Ақылбаевтің мәйіті деген қорытынды шығарды дейді Сәрсенов.
Сондай-ақ, қорғаушы бейнетүсірілімнен тергеу тобына көмектесіп жүрген сарбаздың кереуеттерден тысқары жерде екі сүйекті тауып алғандығы көрініп қалғандығын айтып отыр. Хаттамада осынау сүйектердің табылғандығы жөнінде ешқандай мәлімет жазылмаған және олардың кімге тиесілі екендігі де анықталмады дейді ол.
Сәрсенов хаттамада шекарашылар мәйіті табылған бөлмеден тысқарыда өзге де сүйектердің табылғандығы туралы жазбаның барын алға тартуда. Айтуынша, тым қатты күйіп кеткендіктен олар да ешқандай зерттеуден өтпепті. Демек Челахтың белгісіз тұлғалар жайында айтқан сөзінің жаны бар деді Сәрсенов.
Оқиға орнын тексергеннен кейін жазылған хаттамада да асхана маңынан адам сүйегінің бөліктері табылғандығы жазылыпты. Алайда, зерттеу мүмкін болмағандықтан олар да кімдікі екендігі анықталмаған. Ал, Челах болса бөтен екі адамның бірінің мәйітін осы Асханадан көргендігін айтқан болатын.
Қорғаушының айтуынша, сот процесінде судья көрсетілген бұл жайттарға мән бермеген. Ал, Челахтың ауыр жаза алуы әу баста амалсыз мойындап қоюынан дейді заңгер.
BAQ.KZ
{jcomments on}
Leave a Reply