Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет таратқан. Ресми мекеменің хабарына қарағанда, жобалық сметалық құжаты дайын 4 жаңа жоба бойынша (Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Арғымақ) биыл 1-2 млрд теңге бюджеттен қаржыландыруға ұсынылып отыр. Егер, ұсыныс мақұлдана қалса, аталған елді мекендерде газдандыру жұмыстары қарқын алатын болады.
Бүгінде Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылса, 33-і жартылай, 8 елді мекен мүлдем қамтылмаған.
Олар: Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле (276 орам).
Өткен жылы құрылысы басталған 9 нысанның 2-і аяқталды (Тұран (1-ші кезең) және Асар-2 шағын ауданына магистралдық газ құбыры тартылды). Биыл тағы 9 нысанның құрылысы жүргізіледі. Шаһарда жыл соңына дейін 5 елді мекенде 11 мыңнан астам адам табиғи газбен қамту жоспарланған. Нәтижесінде газбен қамтылу көрсеткіші 92,2%-дан, 93%-ға өседі.
Қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында, 2021 — 2025 жылдары даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
«Қызмет-Ақпарат»
Leave a Reply