2020 жылдың 7-8 қараша күндері сағат 00:00 — 06:00 аралығында Шымкент қаласы бойынша электр қуаты шектеледі. Бұл туралы қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарамасының фейсбук парақшасы хабарлады.
Басқарма парақшасы электр қуатын шектеу себебін былай деп түсіндіреді: Шымкент қаласындағы 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы стансасының 220 кВ желісі құрылысының жұмыс жобасына сәйкес, 220 кВ әуе желісі қолданыстағы «КЕГОК» АҚ-на тиесілі Л-2409, 2399 екі желісінің үстінен өткізілуіне байланысты жұмыс барысында адам өміріне қауіп төндірмеу мақсатында электр желілерін уақытша өшіру қажеттігі туындауда.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін басқарма мамандары алдын ала кешірім сұрайды.
Leave a Reply