Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген әнші атана ма?

tories/images_1.jpg» width=»270″ height=»179″ alt=»images_1″ style=»float: right;» />
       Осындай сұрақтың көпшіліктің көкейінде жүргені хақ. Бұған танымал әнші-актер Нұрлан Әлімжан мен жас актерлар Асылхан Төлепов пен Аян Өтепбергеннің Шымкентте концерт беретіні турасында тараған хабар әсер етсе керек. Біз өнерлі жігіттерді осыған қатысты аз-кем әңгімеге тартқанбыз. 
       — Өнердегі інілеріммен Оңтүстік Қазақстан облысында 9-ақпан күні концерт беретініміз рас. Бұл көпшіліктің қолқа салуымен өткелі отырған кеш. Әрі өзімізді тағы бір қырымыздан көрсеткіміз келеді.
Бұнда әндер де айтылып, өлеңдер де оқылады. Қысқасы, бар өнерімізді ортаға саламыз, — дейді Нұрлан Әлімжан.
      Өз кезегінде ұйымдастырушылар концертте талантты жігіттерге көрермендердің сұрақ қойып, тіпті, олармен   бірге суретке де түсуге жағдайдың жасалатынын жарнамалық ролик арқылы жар салып жатыр. Әдемі ән мен әсерлі сыр-сұхбатқа шақырамыз деген олар, бастама жұртшылық тарапынан жақсы қабылданса, оның жалғасы басқа өңірлерде болатынын тілге тиек етеді.
       Сонымен, «Жаужүрек Мың бала» киносында жарқырай көрінген Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген әншілікке бет бұра ма? Бұл сұраққа жас өнер иелерінің өздері бір ауыздан «әншілік – жай ғана «хобби». Актерлік өнерден қол үзбейбіз» дегенді айтады. Әйткенмен, «жігітке жеті өнер де аз» дегенді басшылыққа алған Асылхан мен Аянның жеке орындаудағы да, дуэтпен жазылған да әндерінің бар екенін келтіре кетейік. «Досыма», «Өткенді салма есіме…», «Еркемсің» туындыларын тыңдап жүрген әлеумет бұл сөзімізді жоққа шығара алмас.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика