tories/play-with-the-chang-songkran-water-In-Bangkok-Thailand-1600×1066.jpg» width=»250″ height=»167″ alt=»play-with-the-chang-songkran-water-In-Bangkok-Thailand-1600×1066″ style=»float: right;» />
ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті қазақстандық азаматтарға Бангкокқа барудан бас тарта тұруға қайта кеңес береді.
Тайландтағы негізгі туристік аймақтарда жалпы тыныш жағдай қалыптасқан.
Сонымен қатар, ақпараттық агенттігінің хабарлауы бойынша, қазіргі таңда Бангкокта оппозициялық күштердің үкіметке қарсы наразылықтары жалғасуда. Наразылық танытушылар әлі де қаладағы автокөліктердің қозғалыстарына кедергі келтіріп, негізгі мемлекеттік мекемелерінің қызметтеріне бөгет болуда.
2-ақпанда Тайландта парламенттің төменгі палатасына кезектен тыс сайлауы өтті. Оның қорытындысы 2014 жылдың наурыз айының басында белгілі болатындығы күтілуде.
Таяуда сайлау орнында қарсы тұру топтарының оқ дәрімен атылатын қарумен қақтығыстары болды, нәтижесінен жапа шеккендер бар.
Қалыптасқан жағдайға байланысты, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті қазақстандық азаматтарға Бангкокқа барудан бас тарта тұруға табанды түрде кеңес береді. Сол елдің астанасына бара қалған жағдайда, әуежайдан қалаға кірместен бірден демалыс орындарына бару, сондай-ақ Тайландтан ораларда алдын ала әуежайға баруды ұйымдастыру қажет.
Leave a Reply