Коммуналдық саланы ширататын Ұлттық компания құрылуы мүмкін

tories/Temirkhanovu.jpg» width=»160″ height=»228″ alt=»Temirkhanovu» style=»float: left;» />

        Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында «ҚазТрансГазАймақ»  компаниясының басқарушы директоры Ерқанат Темірханов осындай ұсыныс айтты. Оның айтуынша,  елдегі коммуналдық шаруашылықты ширату жолында мұндай біріздендіру арқылы жүйені жетілдіру,  көп уақыт өтпей-ақ өз жемісін беретін көрінеді.

        — Бұл ретте біз мемлекеттің бақылауында болатын, мүмкін «Самұрақ-Қазына» ҰӘҚ» жанынан ба, әйтеуір, жаңа бір  Ұлттық компания құруды ұсынамыз. Осылайша, біз бет-бетімен кеткен коммуналдық шаруашылық саласының бастарын  бір мекемеге тоғыстыру арқылы, тығырықтан шығуды көздеп отырмыз, — деді Ерқанат Уақбайұлы.
        Сонымен қатар, ол осылайша «бас-басына би болған» ірілі-ұсақты коммуналдық саланы бірегей басқару арқылы  халыққа да қолайлы төлем жүйесін жүргізуге және сол арқылы сапалы қызметке қол жеткізуге болатындығын дәйектеп  айтып берді. Атап айтқанда, коммуналдық төлемдерді жинауда әр түбіртек үшін 50 теңгеден алатын банк қызметінің құны  25-30 пайызға жуықтайтыны анықталған. Ал коммуналдық салада Бірегей қызмет көрсететін Ұлттық компания құрсақ  ақы жинау түйіні тарқатылумен қатар, тұтынушылар құқы қорғалып, қызмет сапасы да жоғарылай түсетін көрінеді.
 Идея авторының бұл ұсынысын Мәжіліс депутаттары бірауыздан мақұлдап, алдағы күндері Парламент Мәжілісінде өтетін  кеңейтілген отырыста талқылауды ұсынды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика