2019 жылы алдын ала жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесімен алаңда орналасқан 2 фонтанның, аяқжол плиталарының, суғару жүйесінің және айнала жасыл алаңның тозығы жеткені анықталған. Сонымен қатар, театр ғимаратының екі жағындағы бос жатқан алаңды көпшілік демалысы үшін қосымша абаттандыру, веложол салу келісілген.
Осы жоба аясында театр ғимаратының негізгі кіре беріс баспалдақтарын, цокольдік қаптамаларын жаңарту, екі жерге фонтан орнату, автотұрақ құру, гранит төсеніштерін салу (Арбат төсенішін жалғастыру) және басқа да көркейту элементтерін (орындықтар, урналар, жарықшамдары) орнату қаралған.Осыған байланысты 2019 жылы аталған жұмыстар 2020 жылдың бюджетінде жоспарланған.
Нысанның жалпы алаңы – 0,71га, бас мердігер «Шымкент спец.Комплекс» ЖШС. Жоба «жұмыспен қамту жол картасы» аясында қаржыландырылды. Дүниежүзілік пандемия кезінде ашылған жұмыс орыны — 112 адам, оның ішінде, жұмыспен қамту орталығы арқылы — 56 адам. Жұмылдырылған арнайы техника саны – 6 бірлік.
Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының фейсбук парақшасы
Leave a Reply