«Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижесі Baspana. kz порталындағы азаматтардың жеке кабинетіне шықты. Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес қатысушылардың төлем қабілеттігін бағалау ағымдағы жылдың қараша айының алғашқы аптасында жүргізіліп, азаматтардың тұрғын үйді таңдау кезеңі ағымдағы жылдың 8 желтоқсанынан басталады. Іріктеу мерзімі аяқталған соң банк іректеуге арналған құжаттарды қабылдамайды. Аталған тұрғын үйлер Шымыкент қаласының Арғынбеков және Тұран шағын аудандарында орналасқан.
2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына оның ішінде көпбалалы отбасылар-245 , мүгедек бала асыраушы отбасылар-187, толық емес отбасыларға- 40 лимит бөлінді.
Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап «Отбасы банк» АҚ –ның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылған болатын. Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.
Еске сала кетейік, пәтер сатып аларда, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Шымкент қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды сұрайды. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді.
«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.
Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ сайтында орналасқан.
Leave a Reply