Айыппұлға қарап базарда заңсыздық жоқ екен деп қалмаңыз!

ica9cyhjz.jpg - 4.10 Kbtories/ica9cyhjz.jpg» width=»269″ height=»149″ />

      Баршаңызға мәлім жаз айының бел ортасында «Бекжан» сауда орталығы өртке оранған болатын. Көптеген базардағы ағайын бар жиған тергенінен айрылып қана қоймай, кейбір азаматтардың нан алар ақшаға да зәру болып қалғанын білеміз. Осы жағдайда халыққа қол ұшын созу мақсатында « Көмек» қоры құрылғаны мәлім. Мақсат осы қор есебінен зардап шеккен азаматтарға қаржылай қолдау көрсетіп, қол ұшын созу еді.

         Халықтың сабырлылығын сынға салған оқиға тарих қойнауына кетіп, бүгінде жағдай қалыпқа келе бастады. Дегенмен әлі де кейбір ақпарат құралдарында 2000 ға жуық азамат бүгінге дейін тиесілі қаражатын ала алмай жүр деген ақпарат бой көрсетіп қалып жүр. Осы  ақпараттың қаншалықты
шындыққа жақын екенін білу мақсатында  қордың директоры, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Бұхарбаев Нұрғазы мырзаға сауал салғанбыз.

Н.Бұхарбаев:

         —Көмек қорына бүгінге дейін 125 млн теңге қаражат түсті және ол сол базарда сауда нүктелері болған 666 азаматқа таратылып берілді. Дәл қазіргі күнде қор жұмыссыз, яғни қаражат салып отырған
азаматтар жоқ. Айта кетер бір жаңалық жуырда облыстық адвокаттар алқасының мүшелерімен келісім -шартқа отырдық. Мақсат зардап шеккендердің заңды құқығын қорғай отырып материалдық, моральдық шығынын өтеп беру.Кімнен өндіреміз, « Бекжан» базарының басшылығынан ба, әлде кінәлі жақтан ба?- оны тергеу барысы анықтап беретін болады. Қажет болған жағдайда 50-100 адвокатқа дейін жалдайтын боламыз. Ал адвокаттардың қызметі қорға түсетін қаржы есебінен төленетін болады.

         Қор директоры әңгіме барысында   банктердегі несие мәселесіне де түсінік бере кетті. Кәсіпкерлер банктерден несие алғанда мақсатын дұрыс көрсетпеген. Қаржыны бизнеске деп алмаған, тұтынушы несиесі, ипотека тағы да басқа деп көрсеткен.Бұл жағдай қазір тартқан шығындарын өтеуге кесірін тигізіп
отыр. Себебі несие бизнеске деп көрсетілген жағдайда сол кәсіп сақтандырылатын еді,-дейді.

         Бұл оқиға барысында анықталған тағы бір маңызды мәселе сауда нүктелері иелері мен базар 
әкімдігі арасында жалға алу және беру жайлы заңды құжат жоқ болып шыққан . Базардың өзі сақтандырылған да азаматтардың жалға алып отырған орындары сақтандырылмаған . Және бұл кемшілік тек «Бекжан» базарына ғана емес, басқа да сауда орындарында орын алып отыр. Неге? деген заңды сұрақ туады.

         Соңғы кездегі қоғамдық пікірлерді зерделесек, заңсыздықтың басым бөлігі жол бойында
орын алатындай көрінеді. Бірақ, тамыздағы оқиға заңсыздықтың «көкесі» базарда екенін көрсетті. Заңсыздық бар жерде айыппұл мөлшері де қомақты болуға тиіс. Қолда бар мынадай ресми мәлімет өткен жылы  өңірлік жол полициясы заңсыздықтар есебінен қазынаға 400 млн-ға жуық айыппұл өндіргенін көрсетеді. Ал, Шымкент қаласында бар 38 сауда орнынан түскен айыппұл көлемі бар болғаны 347 мың теңге.

ЕСКЕРТЕМІЗ: Айыппұлға қарап базарда заңсыздық жоқ екен деп қалмаңыз. Бұл заңсыздықты бақылайтын тиісті орындары жұмысының шынайылығының көрсеткіші десе болады.

 Әлімбаев Нұрлан Әбдінәбиұлы

  «Қызмет»

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика