Шымкентте ерекше іс-шара өтті. Тұрғын үй кезегіндегі 107 азамат пәтер кілтін алды. Олардың барлығы көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жатқызылғандар.
«Өздеріңізге мәлім, карантин кезінде адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынғандықтан, баршасына пәтер кілті мен менің атымнан жолданған құттықтау хаттарды пошта арқылы мекенжайларына жеткізуді жөн деп таптық. Пәтер иелерін тағы да шын жүректен құттықтаймын. Үйлеріңізде береке мен бірлік болсын!» деп қала басшылығы құттықтай жолдаған.
Жыл басынан бері жоғарыда көрсетілген топтағы азаматтарға 692 пәтер пайдалануға берілді. Оның 458-не жаңа иелері қоныстанған. Біздің кезегіміз қашан келеді деген қаншама тұрғын бар.
2020 жыл 8 мамырдағы сәйкес тұрғын үй алу кезегіне 39604 азамат тіркелген. Оның ішінде:
— жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар — 1643;
— көпбалалы отбасылар — 5236;
— халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы — 12847;
— мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер — 19852 азамат;
— тұрғын үйі апатты деп танылғандар — 26.
«Ең алдымен, алғашқы үш топты тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Мемлекеттік және бюджеттік санат бойынша кезекте тұрушылар да өз кезегін асыға күтуде. Сондықтан осы санаттағы азаматтарға да үй бөлу жайын қарастырудамыз» — дейді қала басшылығы.
Leave a Reply