ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ТОЛЫҒЫМЕН САПАЛЫ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Қазіргі өзекті болып тұрған мәселелердің бірі – тұрғындарды табиғи газбен қамту мәселесі екені рас. Бүгінде бұл мәселе бойынша біршама шаруалар атқарылуда. «Азат» шағынауданында «Ынтымақ Бесарыс» ЖШС тарапынан 2020 жылдың мамыр айында жұмыстар басталды, жоба 2021 жылға өтпелі. Оның себебі, АГРС-3 қосалқы подстанциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сол подстанция іске қосылғаннан кейін табиғи газға қосылмаған елді мекендер толығымен сапалы газға қол жеткізетін болады. Асар-2 шағынауданында да газ жүйесінің ішкі тарату желілерінің құрылысы басталды, мердігер мекеме – «Отау Строй» ЖШС, пайдалануға беру мерзімі 2021 жыл. «Тұран» шағынауданында да «СтройГаз Компани» ЖШС жұмыстарын 2020 жылы бастаған, бұл жоба да 2021 жылға өтпелі. Сондай-ақ, Достық, Қайнарбұлақ шағынаудандарында да ішкі газ жүйелерінің құрылысы басталған, келесі жылы пайдалануға берілмек.

Кәріз жүйесі бойынша қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары Асар-2, Тассай, Достық шағынаудандарында жүріп жатыр. Мердігерлер «Монолит Дизайн» ЖШС, «Газовое хозяйство» ЖШС тарапынан жұмыстар басталған, жобалардың барлығы келесі жылға өтпелі.

Қаратау ауданында жалпы ұзындығы 1174,2 шақырымды құрайтын автожол болса, 1281 көше бар. Оның ішінде 375 көшесі асфальтталған (480,4 шақырым), 751 көшесіне шағал тас төселген (518,6 шақырым) және топырақ жолдардың саны 146 көше (115,5 шақырым). Осы жылы ауданда 39,3 шақырым топырақ жолдарға қаржы қаралған, ол көшелерге сатып алу процестері кезінде жеңімпаз деп танылған «Дархан Сервис» ЖШС тарапынан шағал төсеу жұмыстары атқарылып жатыр. Қазіргі таңда Қайнарбұлақ, Достық, Бозарық елді мекендеріндегі топырақ жолдарға шағал тас төселуде. Сондай-ақ, бұл жұмыстар Тұран, Сайрам, Мирас елді мекендеріне кезең-кезеңімен өтетін болады.

Қазіргі таңда Нұртас шағынаудандағы Майтөбе көшесіне, Бозарықтағы Бәйдібек би көшесіне, Асар-2 шағынауданындағы көшелерге, Қайнарбұлақтағы нөмірі 125 мектептің айналасында көшелерге орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұған қоса, шалғай жатқан елді мекендер Сайрам, Қызылсу, Шапырашты, Орманшы, Мәртөбе, Өтеміс, Таскен, Азат, Достық, Тұран шағынаудандарындағы көшелерде асфальттеу жұмыстары жалғасын табуда. Жекелей тоқталсақ, Таскендегі Ташмұхамбетов, Мақанұлы, Әл-Фараби көшелері, Азат шағынауданындағы көшелер асфальттеліп жатыр, шілде айының соңына дейін жалғасатын болады. Сонымен қатар, ауданның ішкі жолдары да орташа жөнделуде. Мысалы, Бозарықтағы №11, 46, 54 көшелерге, Нұртастағы №85 көше, Сайбұлақ көшесіне, Мирас шағынауданындағы көшелерге және «Тұран» шағынауданындағы 12 көшеге (№3, 7, 1, көшелер) асфальт төселіп бітсе, №4, 6 көшелерге асфальттеу жұмыстары жүргізілуде. Құрметті аудан тұрғындары, желі пайдаланушылары, сұқбатымызды назар қойып тыңдап және жеке сауалдарыңызды белсене жолдағандарыңыз үшін алғыс білдіремін! Мұндай онлайн жүздесу алдағы уақытта да жалғасатын болады. Қойған сауалдарыңыз толық жазып алдым, келесі аптада тікелей эфирге қайта шығамын, сол кезде жауаптарыңызды толыққанды аласыздар деп сенемін.

А.Парманов

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі  орынбасары

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика