Тұрғындардың коммуналдық мәселелерін шешу қаралды

Бүгін Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов тұрғындардың арыз-шағым, өтініштері бойынша қабылдау өткізді деп хабарлайды аталған басқарманың фейсбуктегі парақшасы.

Өз шағымын айта келген тұрғындардың мәселесі талқыланып, оны тез арада шешу үшін тиісті мамандарға тапсырма берілді. Азаматтарды қабылдау санитарлық талаптарға сай өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, басқарма басшысы әр аптаның жұма күні сағат 15:00 – 18:00 аралығында азаматтарды жеке қабылдайды. Байланыс номер: +7 (7252) 393195E-mail: jkh_shymkent1@mail.ruМекен-жай: Шымкент қ., Т.Орынбаев көшесі №33/2 ғимарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика