ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӨЗ ГҮЛДЕРІН ӨСІРУДЕ

Шымкент қаласын көктемгі көгалдандыруға дайындық жұмыстары қазірден бастап қарқынды жүріп жатыр. Онымен қоса шаһарда жаңа саланы дамытып, гүл экспортын ұлғайтуға барлық мүмкіндік бар. Бұл салада бәсекелестік артуына байланысты салық көлемі де ұлғаяды. Осыған орай, Шымкент қаласы өз гүлдерін өсіруде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүл көшеттерін өсіру қолға алынған болатын.

Бұл мақсатта қала әкімдігі мен «ASAR AGRO» кооперативі, «Жасыл-Жер» ЖШС және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС өкілдері арасында болған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Осыған сәйкес талдау жұмыстары жүргізіліп, Шымкент қаласын көгалдандыру мақсатында жалпы  1,6 млн дана гүл қажеттілігі анықталған болатын. Бүгінде Асар шағын ауданында орналасқан жылыжайға 1 миллион гүлдің  дәні егіліп, 60% құрап отыр.

 «ЛТД Тұрмыс» ЖШС мамандары тарапынан онда лимон түсті тагетистің 150 мың, қызғылт сары түсті тагетистің 150 мың, сальвияның 200 мың, катарантустың 200 мың және целозияның 150 мың, ал  райхан гүлдің 150 мың тұқымы егілді. Егілген гүлдің дәндері 10 күн ішінде жылыжайдағы қалыпты  температураға байланысты өсіп шығатын болады.  Мұндағы гүл тұқымдары Германиядан алып келінген.Айта өту керек, жылыжайда асарлық 100 тұрғын жұмыспен қамтылып, жалақыны өз уақытында алуда. Бұл Президенттің Жолдауында көрсетілген өзін-өзі қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының жүзеге асуының дәлелін көрсетіп отыр.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика