ТҮЛКІБАС АЛМАСЫ БРЕНДКЕ АЙНАЛАДЫ

tories/yabloki.jpg» width=»200″ height=»183″ alt=»yabloki» style=»float: right;» />

       Кеңес дәуірінде Мәскеуге танымал болған Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының алмасы бүгінгі таңда қайта жанданбақ, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
       «Қазіргі таңда ауданда 2800 гектар жерде алма егіліп, әр гектарынан 4 тонна өнім алынады. Облыс әкімі А.Мырзахметов осы өңірдің бау-бақша егуге қолайлы болуына орай бағбандық шаруашылықты қолға алуды тапсырған болатын. Осының негізінде биыл тағы қосымша 500 гектар жерге алма ағаштарын егу жоспарлануда», — делінген хабарламада.
       Алдағы жылдары түлкібастықтар алма бағының көлемін ұлғайтып, Түлкібас алмасын қайтадан еліміз бен алыс-жақын шетелдерге танымал брендке айналдыруды көздеп отыр.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика