Қазақстандықтар тізгіндеп жүрген қырғыз көліктері бәрібір ел аумағынан түгелдей шығырылатын болды.
Кезінде мұндай әрекеттің заңсыз екенін біле тұра, осындай қадамға барғандарға кешірім жасалмайды.
Кеденшілер алған бетімізден қайтпаймыз деп отыр. Мұндай көліктер қазір арнайы тұраққа әкетілуде. Рейд ұйымдастырған кеденшілер он күн ішінде 500-ге тарта көлікті ұстап, қамапты.
Салынатын айыппұл мен рәсімдеу құны шынында жоғары. Мұны мамандар да мойындады. Алайда жүргізушілерге бұл жайында ескертілгелі екі жыл уақыт өтті дегенді алға тартуда.
Айтпақшы, Монғолиядан әкелген көліктерге де дәл осындай шаралар қолданылмақ.
7 арна
Leave a Reply