ОҚО ОҚУШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДАСЫНДА І ОРЫН АЛДЫ

       ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен пән олимпиадасының биылғы кезеңі Оңтүстік Қазақстан облысында жоғарғы деңгейінде өткізіліп, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен олимпиада жеңімпаздары марапатталды. Шымкент қаласында өткен бұл олимпиадада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша «ең үздік нәтиже көрсеткен үшін Оңтүстік Қазақстан облысы І орын» және «Ең үздік олипиадалық команда-2014» номинациясымен марапатталды.
       Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстаннан қатысқан 51 оқушы жалпы 33 медаль жеңіп алды. Бес күнге созылған республикалық білім сайысына еліміздің барлық облыс, қалаларынан 560 оқушы қатысты. Оңтүстік Қазақстан облысының намысын аудан, қала және облыстық кезеңдерде озық атанған 51 оқушы қорғады.
       Олимпиада барысында оқушылар Қазақ тілі әдебиеті, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі және Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын, неміс, француз тілдерінен білімдерін сарапқа салды. Республикалық пән сайысына қатысушылар бос уақыттарын да тиімді өткізді. Яғни, арнайы бағдарлама бойынша Шымкент қаласындағы тәуелсіздік саябағы, облыстық өлкетану мұражайы, даңқ мемориалы, көркем сурет галареясы, облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы мен зообақ, дендросаябақтарды тамашалап экскурсия жасап, оңтүстік өлкесімен кеңінен танысты.
                                                                     ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика