Алдағы айларда қаладағы қоғамдық көліктерде жолкүре төлеуге арналған «Төлем» картасы қолданысқа берілмек. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі басшысы А.Есенбек фейсбук әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды. Оның айтуынша, автобустарға арнайы терминалдар орнатылып, жолаушыларға арналған эленктронды есеп айрысу жүйесі іске асыралады.
«Электронды төлем жүйесі орнатылған автобустар жүретін көше бойына орналасқан үйлерде интернет сапасы күшейетін көрінеді. Себебі, онлайн төлем жұмысы мобильді байланыс операторлары ұсынған интернет арқылы жүзеге аспақ. Сол үшін, байланыс компаниялары шығынға ұшырамас үшін көлік жүретін жолдардың бойында интернетті күшейтеді деп мамандар болжам айтады» дейді А.Есенбек мырза.
Leave a Reply