ҚАЛА ТЫНЫСЫ — ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК

Қаланың көркем келбетін қалыптастыру мен экологиялық жағдайын тұрақтандыруда саябақтар мен қала маңындағы орман белдеулерінің атқарар орны ерек болса, оларға калалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» КММ жауапты. Қураған ағаштарды бұтап, жаңа көшеттерді егіп-баптау жұмыстары, жайқалған жасыл желек үшін қаншама тер төгіліп жатыр десеңші.

Аталмыш коммуналдық мемлекеттік мекемеге қарасты «Бадам» орман шаруашылығындағы тұқымбақта қарағаш ағаштарына күтіп баптау жұмыстары атқарылып жатыр. Күн сайын жүйектерді арамшөптерден тазартып, түптері қопсытылып, тыңайтқыштар беріліп, суғару жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Болашақта осы ағаштар қала көркіне сән беріп, экологиялық және табиғи балансты реттеп, «жасыл қала» атына лайықты етуде қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.

«Жасыл белдеу» КММ-ның 976 га құрайтын «Қайнарбұлақ» орманшылығының орман екпелеріне көктемгі түгендеу жұмыстары жүргізілді. Жасыл желекті түгендеу, яғни ағаш өскіндері басын саналып, жасыл желектің сандық және сапалық сипаттамасы жан-жақты көрсетілген, көгалдандыру нысандарын есепке алу жөніндегі кешенді шара болып табылады. Мамандар өзара бөлініп, учаске бойынша ағаштарға санақ жүргізді. Ағаштарды түгендеу жұмыстары жоспарлы негізде көктемде және күзде жүргізіледі. «Достық» шағынауданы, Ақбосаға көшесіне отырғызылған жай және қылқан жапырақты ағаш көшеттері мен раушан гүлдерінің күтіп баптау жұмыстары жалғасуда. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты, екпелерді күнделікті суғару және өсімдіктердің қалыпты өсіп дамуына қажетті минералды тыңайтқыш енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика