АВТОТҰРАҚ — ТЕК КӘСІПКЕРЛІК ЕМЕС, ҚАЛА КЕЛБЕТІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН НЫСАН

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында ақылы автотұрақтар бойынша заңсыз қызмет көрсеткендер жауапкершілікке тартылды. Ауданда көлік қоятын орындардың инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарланған шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың мәдениетін арттыру мақсатында аудандық Ішкі істер басқармасымен бірлесе заңсыз автотұрақтарды анықтау бойынша мақсатты шараларды жүзеге асырып жатыр.

Атап айтқанда, қала қонақтары мен тұрғындары тарапынан әлеуметтік желі арқылы заңсыз қызмет көрсетіп тұрған ақылы автотұрақтарға наразылық көрсетіп келеді. Осыған орай, Әл-Фараби ауданы аумағындағы заңсыз ақылы автотұрақтардың жұмысын тоқтату бойынша іс-шара жоспарына сәйкес, құзырлы органдармен бірлескен іс-шара барысында заңсыз жұмыс істеп жатқан авто тұрақтар анықталып, 2 азаматқа ӘҚбТК-не сәйкес хаттама толтырылды. Аталған іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика