tories/20120816085152.jpg» border=»0″ width=»286″ height=»166″ align=»left» />Қазақстан ауыр атлетикасы қазір әлемнің көшбасшысына айналды. 2008 жылдан бері Алексей Ни бастаған ұлттық құрама барған жарысынан алтынсыз қайтпаған. Сол Нидің ауыр атлетиканы сүйреп келе жатқанына он бес жылдан асыпты. Ауыр атлетикадағы ірі жеңістеріміздің барлығы осы бапкердің атымен байланысты.
Вячеслав Ни екі қытайлық атлетті артқа тастады
1994 жылы. Жапонияның Хиросима қаласы. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде алғаш рет Азия ойындарына аттанған еді. Ауыр атлеттеріміздің де бір добы Күншығыс елін бетке алған. Сол сында үш бірдей алтын қоржынымызға топ ете түспесі бар ма. 83 келіде жарысқа шыққан Вячеслав Ниден ешкім жүлде күтпеген. Қатардағы спортшы өзіне сенген болар, екі бірдей қытайлық алып Ли Яннан мен Ванг Янгфенгті артқа тастап чемпион атанды. Бұл жүлдеге спортшымыздың өзі сенбеді.
Макаров Иран үмітін сөндірген
1998 жылы Таи елінің астанасындағы Азиада сынында Иран елінің үкілеген үміті де біздің атлетке алтын тұғырды босатты. 94 келідегі Андрей Макаров екі дүркін Азия чемпионы, 2001 жылғы әлем чемпионы ирандық Коуреш Багериді жеңіп кетті.
Бақыт Ахметов ирандық Багериді атақтан айырған
2002 жыл. Пусан қаласында өтір жатқан Азияойындары. Сергей Филимонов қоржынға алтын салған еді. Осы жүлденің өзі үлкен жетістік деп ауыр атлетика сынын аяқтап қойғанбыз. Бірақ Бақыт Ахметов әнұранымыздың екінші рет орындалуына себепкер болды. 94 жылы Андрей Макаровтан ұтылған ирандық Багери бұл жолы Ахметовтың алдын орай алмады. Біздің спортшы жұлқа көтеруде 180, 185 келіні бағындырып, 188 келіні ала алмады. Ал Багери болса 175 келіні үшінші мүмкіндігінде әрең алды. Серпе көтеруда Бақыт 205, 210, 215 келінің барлығын алған да ирандық 210 келіні ғана еңсерген еді. Ахметовты басып озуды ойлаған Багери бірден 225 келіге тапсырыс беріп, зілтемірді көтерер кезінде жарақат алып, чемпиондықтан үмітін үзді.
Филимонов әлем үздігін жеңген
2004 жыл. Алматыдағы Азия чемпионаты. Сергей Филимонов 77 келі салмақта 2003 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері қытайлық Ли Хонглиден он келі артық көтеріп, чемпион атанды. Кейін қытайлық әлем чемпионатының күмісін, Пекин олимпиадасының қола жүлдесін иеленді.
Кузнецов Катар атлетін ұтқан
2001 жылы Антальядағы әлемдік сында алтын алған Надер Суфиян Аббас 2005 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық Владимир Кузнецовтан оңбай ұтылды. Құрлықта қарсылас шақ келтірмеген Аббас біздің спортшыдан он келі аз көтерді. Осы жеңілістен кейін Катар тарихындағы үздік ауыр атлеттердің бірі спорттан кетті.
Ильиннің жарқ еткен жеңістері
2005 жылы Дохада өткен әлем чемпионатында Ильин талай мықтыларға таңдай қаққызды. Тіпті әлем чемпионатының екі мәрте күмісін алған ресейлік Асланбек Эдиев, Афина ойындарының күміс жүлдегері белоруссиялық Андрей Рыбаков Ильяның алдын орай алмады. Ал 2006 жылы Доминикан Республикасындағы жарыста Илья поляк Симон Колецкиді (Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері) ұтты. Ал Пекин олимпиадасында Колецки мен Хаджымұрат Ақаев та Ильиннің алдына шыға алмады.
Седов Қытай мен Иран атлеттерін алтыннан айырған
2009 жыл. Талдықорған төріне сары құрлық алыптары жиналды. 94 келіде Владимир Седов қытайлық Хуанг Жонг пен ирандық Набаб Насиршаллалды жеңіп, чемпион атанды. Ал осы Набаб биыл Лондон олимпиадасының күмісін иеленді. Және Азия чемпионатын ұтты. Өмір алма кезек.
Подобедова олимпиада үздігін жеңген
2009 жылы Пекин ойындарының чемпионы қытайлық Цао Лей қазақстандық Светлана Подобедовадан ұтілды. Ал 2010 жыл. Гуанжоудағы Азия ойындарында Светлана Подобедова жиырма келіге артқа тастап, үздік атанды. Ал одан кейін Зүлфия Чиншанло мен Мая Манезаның жеңістері өрілді. Олардың барлығы жанкүйер жадында жатталған.
«Қызмет» ақпарат.
{jcomments on}
Leave a Reply