НАУРЫЗДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР күн демалады

       Қазақстандықтар наурызда мерекелердің жұмыс күніне сәйкес келуіне байланысты қосымша бірнеше күн демалыс алады. Бұл туралы Ұлттық арнаның сайты хабарлады.

        Атап айтқанда, 8 наурыз — Әйелдер күні биылғы жылы сенбі күніне сәйкес келіп тұр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңда «Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады» делінген. Сондықтан, дүйсенбі күні де демалыс болуға тиісті. Яғни, жұртшылық бұл мерекеде 8, 9, 10 күндері демалады.

       Наурыз мейрамы елімізде айдың 21-23 күндерінде аталып өтеді деп бекітілген. 22 мен 23 күндері сенбі-жексенбіге дөп келгендіктен, дүйсенбі мен сейсенбі күндері де демалыс болады. Сонымен, Ұлыстың Ұлы күнінде қазақстандықтар қатарынан бес күн (21-25) демалмақ.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика