tories/bd138ea484d2e88328fc0a8217d281cc.jpg» width=»190″ height=»255″ alt=»bd138ea484d2e88328fc0a8217d281cc» style=»float: right;» />
Парламент Мәжілісінің депутаттары бірқатар заң жобаларын талқылап болған соң, дәстүрлі депутаттық сауалдарын Үкіметке жолдады. Соның бірі – депутат Жексенбай Дүйсебаев таяуда ғана ел ішін аралай жүріп, шалғай ауылдардағы пошташылардың пұшайман хәлде отырғанын көріп қайтқандығын айтып, ой қозғады.
— Шалғай ауылдарда миллондаған қаржыға жауапкершілік алған жанның жалақысы 6 мен 11 мың теңгенің аралығында. Бұл – ақиқат. Ащы да болса шындық осы. Елді-мекендердегі зейнеткерлер мен үкіметтен берілетін түрлі жеңілдік алатын жандарға тиесілі қаражаттың жинақтық сомасы миллиондарды құрайды. Бәрімізге белгілі оны «Қазпошта» қызметкерлері ел-жұртқа үлестіреді. Ал осыншама ақшаны тарататын қызметкерлердің жалақы көлемі 6 мен 11 мың теңгенің аралығында. Ең сорақысы сол, олардың жалақысын былай қойып, отыратын ғимараты мен миллиондарды сақтайтын орындары тамаша әрі қауіпсіз деп айту қиын. Керісінше, өте қауіпті десек те болады. Осыншама қаражатты қызметкердің уысына ұстатып, жанын шүберекке түйіп сақтағаны үшін оның алатын жалақысын жоғарыдағыдай көлемде тағайындау қаншалықты әділетті деп ойласыз? Сондықтан да алыс елді-мекендер мен шалғай ауылдардағы пошта қызметін жандандыру мақсатында, тиісті шаралар қабылдануына ықпал етуіңізді сұраймын, — деді депутат.
Baq.kz
Leave a Reply