Түркістан қаласында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен “Бизнес және диалог» атты форум өтті. Онда бес ауданнан келген колледждер, білім басқармаларының басшылары қатысып, маман даярлаудағы бірқатар мәселелер талқыға түсті. Сонымен қатар, студенттердің өз қолдарымен жасаған өнімдері ауылшаруашылық агрегаттары инновациялық жобалары, өзге де тың туындылары арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеге келген қауым назарына ұсынылды.
Рахия Асанова, ОҚО білім басқармасы кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы:
Мұндай іс-шара ұйымдастыру облысымызда дәстүрге айналып келеді. Бүгінгі аймақтық форумға Отырар, Ордабасы, Созақ аудандары және Кентау, Түркістан қаласынан келген кәсіптік колледждердің студенттері қатысуда. Форум қатысушылардың тәжірибе алмасу алаңына айналды десем қателеспеймін.
Айдос Абпазов, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледж директоры:
Мұндай тәжірибе алмасу шараларының маңызы зор.Бір-бірімізден үйренетін жаңалықтар баршылық. Мұндай шаралар бізге өзге де техникалық мамандық ашу жауапкершілігін, маман даярлауда тағы да басқа тың жобаларды ұсынуымызға бағыт-бағдар береді.
Н.ТАПАЕВА, Түркістан қаласы.
Leave a Reply