ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАТТЫҒУҒА ШЫҚТЫ

       Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күні денсаулық сақтау ғаламшарының алдында тұрған жаһандық мәселелерге арналып «Ұзақ өмір сүру жолы – белсенділік», «Климаттың өзгеруінен денсаулығымызды қорғайық» деген ұрандармен өтеді.  
       Адамзат баласы үшін басты байлық — денсаулық. Осы орайда, Шымкент қаласына да  білім мекемелері мен жоғары оқу орындарында сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар жүргізіліп келеді. Қалада  салауатты өмір сүру салтын насихаттау мақсатында көшеде жарыстар өткізіліп тұрады. 
       Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында да «7сәуір- Дүниежүзілік денсаулық күні» мерекесіне орай «Ұзақ өмір сүру-өз қолыңда!» ұранымен 15 минуттық жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды. Шараға Шымкент қаласы әкімдігінің қызметкерлері, аудан әкімдері мен құрылымдық бөлімдер қатыстырылып, салауатты өмір салтын насихаттады. Дене шынықтыру жаттығуларын жасау, әрбір адамзат баласы, қоғам, орта үшін маңызды. Сондықтанда, мемлекеттік қызметкерлерден басталған шара алдағы уақытта да жалғасын табады.
 
        Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика