Қуаты 220 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Аврора Констракшн» ЖШС жүргізіп жатыр.
Құрылыс жұмыстарына бюджеттен барлығы 7,9 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда нысан құрылысының 90% аяқталды. Подстанцияны 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Аталмыш жоба аяқталса, «Тұран», «Шымкент сити», Асар-2, Бозарық, Бозарық-1, 2, 3, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс және Қайнарбұлақ шағын аудандары сапалы электр жарығымен қамтылатын болады.
Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының фейсбук парақшасы
Leave a Reply