4 жолайырықтың құрылысы басталмақ

Қаладағы магистральді көшелердің жағдайына тоқталсақ, биыл жалпы 75 шақырым үлкен көшенің құрылысы, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ең ірі бағыттар: Д.Қонаев даңғылының құрылысы және А-2 Шымкент қаласының айналма жолы. Ірі жобалармен қаладан шығатын барлық бағыттар: Түркістан, Алматы, Ташкент бағыттары қамтылған.

Өйткені, бұл бағыттарға шығатын жолдарда көлік кептелістерін болдырмау үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл ірі көлік күретамырлары 2023 жылы толығымен аяқталып, кезең-кезеңімен пайдалануға беру жоспарланған.

Қала ішіндегі магистарльді көшелердің жай-күйінен хабардар етсек, көлік кептелістері жиі орын алатын Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысы және Арғынбеков-Назарбеков көшелерінің қиылысында жолайырықтарының құрылысын жүргізу жоспарланып жатыр. Бұл құрылыстардың бастамасын бастауға жергілікті бюджеттен ағымдағы жылы қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу процестері атқарылуда. Сонымен қатар, қаладағы Жібек жолы-Сайрам көшелерінің қиылысында және Бәйдібек би-Төлеметов көшелерінің қиылыстарында жолайырық жобасы қаралған. Қазір ол жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика