Жаңа автобус маршруттарымен таныса аласыз

Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаланың автомобиль жолдары және қоғамдық көлік саласына жауапты басшылар алдағы уақытта орын алатын өзгерістер жайында сөз қозғады. Басқарма басшысының орынбасарынан кейін басқарманың қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Н.Сүгірәлиев сөз алып, жаңарған автобус желісі жөнінде кеңірек тоқталды.

«Электронды билет жүйесін биыл тамыз айында енгізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, жаңа автобус маршруттары желісін де сол тамыз айында іске асырылмақ. Бұл жөнінде қазір БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаңадан бекітілген автобус маршруттарының сызбаларын, тұрғындар үшін қажетті өзге де ақпараттарды беріп, құлақтандырып жатырмыз. Бүгіннен бастап қала тұрғындары әр бағытпен жеке-жеке танысу мүмкіндігі болады. Маршруттар бойынша өзгерістерге тоқтала кетсем, олардың 30-ы оңтайландырылып, 17-сі жойылып, жаңа 14-і құрылып, 4-еуі өзгеріссіз қалдырылған. Қазіргі уақытта әр маршрутқа қозғалыс сызбасы әзірленуде, олармен қалалық әкімдік және басқарманың сайтынан, сондай-ақ фейсбук пен инстаграм әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымыздан көріп, танысуға болады. Енгізіліп отырған өзгерістер бір күнде жүзеге асырыла салатын дүние емес, кезең-кезеңімен атқарылатын болады. Менің ойымша, 2 кезеңге бөлініп іске асатын шығар. Өйткені, бір жағынан жаңа маршруттарға қоятын жаңа автобустардың қалаға келуін де күтіп отырмыз. Содан соң қаладағы автобустардың 90 пайызы жаңаратын болады» дейді Наурыз Болысбекұлы.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика