Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаланың автомобиль жолдары және қоғамдық көлік саласына жауапты басшылар алдағы уақытта орын алатын өзгерістер жайында сөз қозғады. Баспасөз брифингі барысында журналистер тарапынан автобус аялдамалары мен көше атауларын мемлекеттік тілде және жаңа атаулармен аталуы жайында мәселе көтерілді.
Бұл сауалға Н.Сүгірәлиев «Тасымалдаушы компанияларға аялдама және көше атаулары мемлекеттік тілде ұсынылған. Одан бөлек, нысан атауларын дұрыс атау туралы тасымалдаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескіше аталып жүрген аялдама атауларын атамау қажеттігі жөнінде ұсыныс енгізгенбіз. Қазір енгізілген жаңа кешенді схеманың маршрут желісі бойынша да жаңа аялдамалар және жаңа көшелердің атауларын мемлекеттік тілде сызбаға енгізіліп, конкурсқа қайта қатысатын тасымалдаушыларға нысандардың бірінші кезекте мемлекеттік тілде және дұрыс аталуы жайында мәселе қаралатын болады» -деп жауап берді.
Баспасөз жиынында сөйлеген жауапты мамандардың сөзінен ұққанымыз, биыл қоғамдық көліктің біраз күрмеуі шешіліп, біршама жолдың жыры да аяқталар күн жақын сияқты. Айтқан мерзімдері де алыс емес, нәтижесін көзбен көре жатармыз. Тек, болашақтың жарқын елесі тәтті үміт алдамаса игі.
Leave a Reply