«АЯҚЖОЛ ТҰРҒЫНДАРҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕУ КЕРЕК»

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты Тоғыс тұрғын алабының ішкі жолдарына асфальт төсеумен біздің «Бірлік» ЖШС айналысып жатыр. Қазір осы алаптың 3 көшесін жұмыс атқарудамыз. Мына бір ғана Шыңғыстау (Шаттық) көшесіне қаралған қаржының көлемі 67 млн 184 мың теңге. Бұл сомаға көшені асфальттеу мен аяқжол салу кіреді.

Көшенің ұзындығы 2215 метр болса, қазіргі таңдағы атқарылған жұмыс көлемі 80 пайыз орындалып қойды. Қазір бір қабат асфальт төселді, екінші қабат төселу үстінде. Екі қабат асфальт жабынның қалыңдығы 8 см болса, жолдың ені 5 метр болады.

Ал, аяқжол қазірше толық аяқталмады. Оның себебі, көше бойындағы кейбір үйлердің иелері табылмай жатыр, аяқжолдың бардюрлері ол үйлерге кіретін қақпалардың орналасуына қарай қойылуы керек. Аяқжол салынып біткеннен соң сол аймақта тұратын тұрғындарға кедергі келтірмеуі керек. Осы жағдай бізге қолбайлау болып тұр. Дегенмен, бізде уақытымыз бар, келісім шартқа сәйкес 30-қарашаға дейін пайдалануға берілу керек. Осы мерзім ішінде тиісті жұмыстарды толық атқаратын боламыз, қазір жұмыс жалғасып жатыр.

Болат Ұмытбаев

Мердігер «Бірлік» ЖШС жетекшісі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика