ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Шымкенттегі Әл-фараби ауданы аумағындағы шалғай орналасқан елдімекендердің инфрақұрылым мәселелері өз шешімін табуда. Аудан аумағына Сайрам ауданынан енген «Бадам» тұрғын алабында (195 орам) бүгінгі таңға дейін 300 тұрғын үй құрылысы жүргізілген, халық саны 1280 адамды құрайды.

Биыл «Бадам» тұрғын алабын (195 орамға) 4 көшесіне шағалтас, 2 басты көшесіне асфальт төселді. Қуаттылығы 400 кВт трансфарматор орнатылып сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілді.

Осы 195 орамды табиғи газбен қамту жұмыстарын «Комби Строй 1» ЖШС тарапынан кестеге сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мерзімі 2021 жылға өтпелі болғандықтан, келер жылы аяқтау жоспарлауда. Тұрғындар тарапынан көтерілген тағы бір мәселе өз шешімін тапты.

Қазіргі таңда, елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, су құбырын жүргізу жұмыстары аяқталды. Осылайша тұрғындардың сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша көтерген мәселесі оң шешімін тауып отыр.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика