Тәуелсіздік пен Жаңа жылдың арасы

        “Қызметтен”: Халық қос мерекені күтіп отыр. Бірі ерте, ал бірі кеш келеді. Айырмашылығы — біріне деген дайындық күшті, бәсі басым. Бүкіл ел бүгінде Жаңа Жылға дайындалып жатыр. Үлкен қалалардың орталық алаңдарына шыршалар орнатылуда. Ал, көпшілік көп бас сұғатын супер, гипер, мини маркеттеріңіз жаңа жылды күтуге сақадай сай тұр. Базарлардағы жағдай да солай. Біз үшін балалардың шығармашылығы маңызды болғандықтан, жұмыс барысымен мектептерге жиі бас сұғамыз. “Ақылдым” атты танымдық журналымыз бар. Басты мақсатының бірі — балалар шығармашылығын насихаттау, қолдау көрсету. Енді көргенімізді, білгенімізді айтайық. Неге екенін, шығармашыл ұландарымыздың Тәуелсіздікке қарағанда Жаңа жыл туралы суреттері де көп, өлеңдері де жетеді. Жаңалық сұрай қалсаң, Жаңа жылға дайындығын айтады. Тәуелсіздік мерекесі туралы сұрай қалсаң, ашық сабаққа дайындалып жатырмыз, дейді. Бұл балалардың жағдайы, үлкендердің пікірі қандай деген оймен ғаламтордың ең белсенді Серғали Балажан, Бекжан Әшірбаев, Серик Абасов т.б авторларға төмендегідей сауал тастап көрдік:

tories/c0a33089c55f26d7c0afa2071ec3d4f7.jpg» width=»300″ height=»194″ alt=»c0a33089c55f26d7c0afa2071ec3d4f7″ style=»float: right;» />

        Сіз тәуелсіздік күнін қалай атап өтесіз және бұл ұлттық мерекенің аталып өтуінде қандай іс-шаралар жетпей жатыр?
       Серик Абасов, «Еларна»:
       Бұл туралы ойланып көрген жоқпын. Бірақ, мен ғана емес, бәріміз де ойланатын жәйт… Өйткені, шыршаны жамандаумен алысқа бармаймыз. Нақты іс керек!
        «АҒАШПЕН АЛЫСПАЙ-АҚ ҚОЯЛЫҚ, АҒАЙЫН!»
        Шыршаға қарсы соғыс ашып жатқандарды қолдай алмай-мын. Жаңа жылды қарсы алу датасын ауыстыра алмаған соң, бала-шағаға қуаныш сыйлап тұрған ағашпен айқа-сып не керек? Жаңа жылды мереке ретінде тойлаудан мүлдем бас тартпаған соң, алаңға шыршаны бір ай бұрын қойдың не, бір апта бұрын қой-дың не, бәрібір емес пе? Түбінде бір «бұзылатын» болған соң, өтірік қымсынып не керек? Тәуелсіздіктің маңызын ешқандай шырша ағашы бұза алмайды. 

        Дұрыс түсініңіз, өзбектің кухнясын жауып тастағанмен, қазақтың кухнясы мықты болып кетпейді. Неміс пен Жапон көліктерінен бас тартқанмен, Ресей автомашинасының сапасы артпайды. Тәуелсіздік мейрамының шыршасыз құндылығы артып, шырша кесірінен маңызы кеми қоймас. Ол жәй ғана ағаш қой… Түзу өсетін ағаш біздің түзетуімізді қажет ете қоймас? Ал, өзіміздің қыңыр-қисық ойларымызға өзгеріс керектігі айдан анық. «Жел диірменді» «жеңбей» ақ қоялық! Біздің «Дон Кихоттар» мұның орнына басты мерекелеріміздің Жаңа жылдан да әсерлі болуына күш салсын! 

        Р.S. Бұл ойым көп адамға жақпасын сеземін… Сондықтан, алдын-ала ғафу өтінемін. 

        Айтпақшы: Аяз ата мен Ақшақардың алып денесін мерекеден бір ай бұрын алаңға тұрғызып қойған кейбір «бояушының» әңгүдік әрекетіне сөзім жоқ. Бұл бөлек әңгіме… 

        Тым ерте басталып кеткен жаңа жылдық ұран-тілектерге қарағанда шенеуніктер ресмилігі басым Тәуелсіздік Күнінен гөрі шаттығы мол Жаңа жыл мейрамын тәуір көретін сияқты. Ал, қуанышы мен мұңы қабаттасқан 16-желтоқсанды шаттана тойлау үшін не істеуіміз керек? 

        Шыршаны алаңнан аластасақ, осы сұраққа жауап табылады деп ойлайсыз ба? 

        Мәселе осында…
tories/20111202115240.jpg» width=»300″ height=»183″ alt=»20111202115240″ style=»float: right;» />

        Басқалар не дейді? Осылай пікірталас жалғасты да кетті.
        Serik Abiken: Жөн-ақ. Бірақ мәселе «ағашпен соғысуда» болмаса керек. Қазақ азаматтары жаңа жылды атап өтуге емес, оны айлап тойлайтын ауруымызға наразы. Қан төгілген қасіретті күндерді атап өтіп барып Жаңа жыл шыршасын жақса ешкімнің қарсылығы бола қоймас. Мұрат Отарбайдың «жанына батқан» ешкімнің еш жеріне ештеңе кіре қоймас. Былтыр 26 қарашадан бастап шырша жағып шабылды. Ресейдің өзі 21 желтоқсанда Бас шыршасын қосты. «Озғанда» не ұттық? Ал биыл 1 желтоқсанда шырша тойы басталды. Жаңаөзен, Желтоқсан көтерілісі ысырылып ақпарат құралдарының азығы «бақытты Қазақстанның балбұл жайнаған жаңа жылы» болады! 1986 да қанқасапқа ұшыраған қазақ боздақтарын 17-сі күні шағын материалдармен еске алысқан болады, ал Жаңаөзеннің екі жылдығына орай жақ ашатындарына шүбәм бар. Сондықтан мәселе шырша «көлеңкесінде» болса керек… Сәл ысырылып, қазақ тарихына сәуле түсірсе болғаны… Тұра берсін сорайып. 

        Құрманғазы Рахметов: Мәселенің мәні болмаса, бұл сөз қозғалмас та еді. Төңірегіңізге қараңыз. Астана ғимараттарының маңдайшасының барлығы сол безендірулерге толы. Тәуелсіздігіміз бен желтоқсанды қай жеріне қыстырайық, Серік мырза? Жаңа жылды қарсы ал, қарсы алма ол өз уақытында келеді. Оған мемлекет болып қарсы тұрсаң да болатын дүние. Ал Өз тәуелсіздігімізді — өз мемлекетімізде маңдай алды ұстай алмасақ, кім болғанымыз? …Ойға еніп кеттіңіз бе? Әрине, Өзіңді өзің силасаң, жат жанынан түңіледі. Жаңа Жыл Сіздің де, менің де , оның да қалауын таңдамайды. Уақыт — абсолюттік өлшем. Біз өз өлшемдерімізді құрметтей 

білуіміз керек!
       Алтынай Зарлыққызы: Тәуелсіздіктің маңызын кетіре алмайды дейікші, жарайды. Бірақ, мектептерде, оқу орнында қандай да бір үлкен жобалар бар ма? өз көзіммен көріп, қанығып келемін, жаным ашып келеді. Тәуелсіздік күніне арнап дөңгелек үстел өткізуден аспаймыз. сол бір жаттанды сөз, біз түгенбай жыл құрбандықта болдық, мың өліп мың тірілдік, енді міне 20 жылдан асты, сол баяғы жартас айтатындары. Оның бізге, жастарға, студенттерге қызығы жоқ. Олар оны онсыз да біледі. Мысалға «Менің халқымның сүйікті әндері» деп патриоттық ән кештерін өткізсе, студенттер арасында түрлі байқаулар, спорттық, мәдени шаралар өткізсе. Шіркін, бұның бәрі бос әңгіме. Мәселе ағашта емес, әрине. Бірақ, айналамызға мән беріп қарауымыз керек. Кішкентай дүниенің өзі онсыз да әлсіз санамызға үлкен әсер етеді!
       Лязиза Керимкул: Мәселе ағашта емес, католиктердің жылтырға толы мейрамы мезгілінен бұрын басталып басым болып кетеді… көптің көңілі соған ауады. Әсіресе, кішкентайлар — оларға Тәуелсіздік мейрамы туралы айтып тұрсаң, «қандай әдемі шырша», деп алаңдап қалады…Әр нәрсе өз орнымен болған дұрыс сияқты. Ал Жаңа жыл мейрамын мен де асыға күтемін — бала кезден қалыптасқан дәстүр ғой.
      Ал, ОҚО-да Тәуелсіздік мерекесі аталып өткенше шырша орнатылмайды.
       Қараша айының соңында облыс әкімі Асқар Мырзахметов биылда 16 желтоқсан − Тәуелсіздік күні мерекесі өткенге дейін облыс аумағында жаңа жылдық шырша орнатпау туралы аудан, қала әкімдері мен басқарма (мемлекеттік мекеме, ұйым) басшыларына тапсырма берді. Өңір басшысы өткен жылы да дәл осылай тапсырма берген болатын. Осылайша, жаңа жылдық безендірулер мен шыршалар орнату тек 18-19 желтоқсан күндерінен ары қарай басталған еді.
     Сіз не дейсіз?

Б.ЖАҚСЫЛЫҚ.




Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика