Қазығұрт аудандық сотында мұражай ашылды

         Қазығұрт аудандық сотының құрылғынына 70 жыл толуына орай, дайындалған мұражайдың салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа тұс келді. Мұражайдың алғашқы қонағы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов болды.

       Мұражайдың салтанатты ашылу рәсіміне Қазығұрт аудандық сотының бұрынғы төрағалары, ардагер судьялар Н.Қалдиев, Ө.Әділ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Мақсұтов, аудан әкімі Б.Қыстауов, аудандық мәслихат хатшысы М.Момынов, АІІБ басшысы, полковник О.Қабыштаев, аудандық Әділет басқармасының басшысы Ғ.Мұсаев және БАҚ өкілдері мен аудандық соттың қызметкерлері қатысты.

         tories/IMG_5166.jpg» width=»250″ height=»188″ alt=»IMG_5166″ style=»vertical-align: middle;» />        tories/IMG_5193.jpg» width=»250″ height=»188″ alt=»IMG_5193″ style=»vertical-align: middle;» />        tories/IMG_5200.jpg» width=»250″ height=»188″ alt=»IMG_5200″ style=»vertical-align: middle;» />

        Қазығұрт аудандық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев өз сөзінде, — осыдан 6 ай бұрын аудандық соттың жұмысымен танысып, аудан тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдау үшін келген сапарында облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов киелі Қазығұртта жұмыс істеп келе жатқан аудандық соттың тарихы терең екендігіне мән беріп, соттың мұражайын ашу жөнінде ұсыныс айтқан болатын.

Соған байланысты, мен осы мәселені қолға алып, аудандық, облыстық мұрағаттардан құжаттарды іздестіріп, ардагер судьялармен кеңесіп, тағы басқа да жұмыстарды қолға алудың нәтижесінде, үш бөлімнен тұратын осы мұражайды жасадық. Біз 5-6 айдай мұражайдың экспозициясымен жұмыс істедік. Залға өткен ғасырдың және Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардың әртүрлі экспонаттарын таңдау оңайға түспеді. 1940-1990 жылдары ауданда қызмет еткен сот төрағалары туралы деректер жинап, мұражайға әр кезеңдерде сот отырысы мәжілістерінде қолданылған құралдарды іздестіріп, тауып соларды әкеліп қойдық, — деді.

        Мұражай Қазығұрт аудандық сотында 30 жылдан астам әділдік туын биік ұстап, абыройлы еңбек еткен, бүгінгі ардагер судья, ауданның құрметті азаматы Оралбай Құдайбергеннің жұмыс кабинетіне орналастырылыпты.

       70 жылдық тарихы бар аудандық соттың құрылу, қалыптасу және өркендеу жолдарын көрсететін экспонаттар мен көрмелер үш шағын бөлмеге рет-ретімен қойылып, мұражайдың ажарын ашып тұр. Кіре беріс бөлмеде Қазығұрт ауданының тарихы мен оның киелі орындары туралы мәліметтер арнайы стендтерге жазылып, орнатылған. Аудан ардагерлері мен 1943-2013 жылдары аудандық сот төрағаларының және Қазығұртта туып-өсіп, қазіргі кезде сот саласында облыстық, аудандық, қалалық соттарда қызмет істеп жүрген лауазым иелерінің фотосуреттері ілінген.

      Ал, негізгі бөлмеде, алғашқыда Қаратас (қазіргі Қазығұрт) аудандық соты болып құрылған кезден бастап оның қалыптасу, даму кезеңдерін көрсететін бірнеше экспонаттар қойылған. Сонымен қатар, аудандық соттың әр жылдардағы жұмысына қатысты мұрағаттарда сақталған  тарихи құжаттар мен  фотосуреттер, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер судьялардың өмірбаяндары туралы стендтер жасалған. Одан кейінгі бөлмеде өткен ғасырдағы сот өмірі мен қызметіне қатысты құрал-жабдықтар мен киім-кешектер орналастырылған. Әрине, мұражайды тамашалайтын қонақтар үшін мұның барлығы тарихи мәлімет және соттың 70 жылдық өмірі  іспеттес.

Салтанатты жиында құттықтап сөз сөйлеген: ОҚО сотының төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы, ардагер ағалар Н.Қалдиев, Ө.Әділ, Ә.Мақсұтов, аудан әкімі Б.Қыстауов, О.Қабыштаев және аудан тұрғыны С.Сеңгірбаев сынды азаматтар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ашылған мұражайдың игі іс екендігін айтып, әсіресе жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде мән-маңызы зор екеніне тоқталып және болашақта мұражай қоры жаңа экспонаттармен, әділ шешіммен елдің құрметіне бөленген судьялар және сот қызметкерлері туралы және сот жүйесіне қатысты нақты мәліметтермен толықтырыла беретініне сенім білдірді.

Жиын соңында Қазығұрт аудандық сотының төрағасы Қ.Қоңырбаев аудандық сот мұражайының лентасын қиған ардагер судьялар Н.Қалдиев пен Ө.Әділдің иықтарына жібек шапан жауып, құрмет көрсетті.

 Қабыл ДҮЙСЕНБИ,

            Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы


       

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика