tories/876a442535ca0a585d32666a26c7207a.jpg» width=»250″ height=»258″ alt=»876a442535ca0a585d32666a26c7207a» style=»float: right;» />
ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов кіші қызын мемлекеттік балабақшаға беру үшін 3,5 жыл кезекте тұрған. Министрлікке тағайындалуы мұң екен 3,5 жыл күткен кезек мәселесі 1 күнде шешілген. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
«Мен де әкемін. Қазір кіші қызым 3,5 жаста, қызымды балабақшаға орналастыру үшін 3,5 жыл күттік. Көп күттірген мәселе жуырда министр болып тағайындалғаннан кейін ғана шешілді, лауазымым көмегін берді», — дейді министр мырза.
Білім министрінің айтуынша, балабақша тапшылығы қазіргі уақытта өте өзекті проблемалардың бірі. «Жалпы сараптама жүргізіп көрдік, Алматы, Астана, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында бұл мәселе қолданыстағы механизмді пайдаланып, шешіліп жатыр. Яғни, республикалық бюджеттің қолдауынсыз балаларды балабақшамен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан алдағы уақытта бюджет қаржысына балабақшалар салу мәселесін көтереміз», — дейді А.Сәрінжіпов.
Leave a Reply