К.Цхададзе: «Бүгін біз, өзімізге лайықты жеңіске жеттік»

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Талдықорғанның «Жетісуімен» кездесіп, жеңіске жетті. Шымкенттік команданың бас бапкері К.Цхададзе OLIMPBET- Қазақстан Чемпионатының 4 тур «Жетісу» — «Ордабасы» 2:3 матчына өз пікірін білдіріп, алдағы жоспарымен бөлісті. Клуб баспасөз қызметінің фейсбуктегі FC Ordabasy Shymkent парақшасында К.Цхададзенің пікірі жарияланды:

— Дұрыс, жақсы ойнадық. Допты қарсыластың айып алаңына дейін жеткізіп тұрдық та, бірақ соңғы шиеленестіретін соққы болмады. Сол бізге жетпей тұрды. Қарсыластың тез қарымта шабуылы арқасында голдарды жіберіп алдық, олардың ойынын біз тізбектегенбіз, біліп дайындалдық, ойыншыларға да ескерткенбіз. Бірақ өкінішке орай екі рет гол жібердік. Осыған қарамастан біз футболшыларымызға сендік, олар дұрыс ойнады. Жаңашылдық қосу керек еді, соны біз үзілісте айттық. Нәтижесінде үш гол соқтық, және көптеген қауіпті жағдайлар құрдық, шабуыл соңында барлығын дұрыс жасап лайықты жеңіске жеттік. Футболшыларға үлкен алғыс, енді біз тек алға жүреміз, -дейді бас бапкер К.Цхададзе.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика