tories/images.jpg» width=»150″ height=»150″ alt=»images» style=»float: right;» />
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар барлық азық-түлік тауарларына мониторинг жасау үшін шұғыл түрде арнайы штат құрылды. Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың «Bnews.kz» тілшісіне берген сұхбатына сай, бүгінгі нарықтағы бағаны өсірмеу үшін барлық базар және сауда орталықтарының басшыларымен арада меморандумға қол қойылды.
Сапарбай Тұяқбаевтың айтуынша, біріншіден, облыстағы бағаны өсіруге негіз жоқ. Азық-түлік тауарларының басым бөлігі Қазақстанда шығарылады. Оңтүстік Қазақстан облысының валютаға немесе девальвацияға еш қатысы жоқ. Екіншіден, тіпті импорттық тауарлар болған күннің өзінде облыс қорындағы тауарлар жеткілікті. Сондықтан да бағаны өсіруге, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өсіруге негіз жоқ. Бұған базар және ірі сауда орталықтарының басшылары келісіп, бағаның өсуіне жол бермейтін болып, меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ, облыстың тұрақтандыру қорындағы барлық тауарлар жеңілдетілген бағамен сатылымға шығарылатын болды. Сапарбай Тұяқбаев қордағы 300 тонна картоптың әр келісі – 55 теңгеден, 100 тонна пияздың әр келісі – 25 теңгеден, 300 тонна қанттың әр келісі – 115 теңгеден көтерме бағамен сатылымға түсетінін, саудагерлер ары кетсе әр келінің үстіне 20 теңге қосатынын мәлімдеді.
«Девальвацияның негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарларға еш әсері жоқ. Тек қана спекулятивтік өсімдер болуы мүмкін. Бұған да жол бермеу үшін келісімшарт жасалды. Коммуналдық төлемдердің бағасы бұрын бекітілген күйінде сақталады», − дейді облыс әкімінің орынбасары.
Leave a Reply