Жуырда киелі Түркістанда заман талабына сай мамандандырылған стоматологиялық медициналық көмек көрсету бөлмесі ашылды. Шағын орталықтың жұмысы жөнінде бізге ХҚТУ-дің Медицина факультеті, Стоматология кафедрасының аға оқытушысы, м.ғ.к. жоғары санатты дәрігер Фазладдин Теміров әңгімелеп берді.
— 2013 жылдың қыркүйек айында Медицина факультетінің құрамынан келешекте жоғары деңгейдегі тіс дәрігерлерін (дәрігер-стоматолог) дайындайтын мамандандырылған Стоматология кафедрасы ашылғаны мәлім. Кафедраға конкурс арқылы жұмысқа қабылдандым. Кафедра жұмысын жүйеге түсірген соң, оқытушылар халыққа мамандандырылған стоматологиялық медициналық көмек көрсету орнын ашуды жоспарлаған едік. Жоспарымыз Университеті әкімшілігі тарапынан қолдау тапты. Қаладағы «Талғат клиникасы» медициналық мекемесінің әкімшілігімен келісе отырып, 5-төсек орынға арналған жақ-бет аймағы хирургиясы бөлімшесін және консультативті-амбулаториялық көмек көрсетуге арналған 2 стоматологиялық бөлме аштық. Мұндай бөлімшелер кейбір облыс орталықтарында жоқтың қасы. Ал, біздің шағын қала киелі Түркістаннан ашқанымыз үлкен жетістік,-дейді Фазладдин Тұрабайұлы.
Қызметтің барлық түрлері лицензияға сай тегін және ақылы түрдегі стоматологиялық медициналық көмек көрсетіледі.
Енді ем алу үшін Алматы, Астанаға сапар шегудің қажеті жоқ. Себебі, балаларға арналған туа біткен жақ-бет ақауларын қалпына келтіру оталары, ересектер жарақаттар алған жағдайда науқастардың жатып емделуі үшін барлық жағдай жасалған. Бөлімше жоғары деңгейдегі медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілген- дейді дәрігер. Қай істі болмасын бастау қиын. Орталықты ашуда Фазладдин Теміров бұған дейінгі тәжірибелеріні сүйенді. Себебі, ол кісі 2007 елімізде тұңғыш (аймақтарда) Оңтүстік Қазақстан Облыстық Клиникалық Балалар Ауруханасынан 10-төсек орынға арналған жақ-бет аймағы хиургиясы бөлімшесін ашқан болатын.
Ә.ТӘШІМ.
Leave a Reply