Алимент төлеуден қашып жүргендердің алғашқы легі қамалды

tories/106700118_4823180_alimentu.jpg» width=»180″ height=»188″ alt=»106700118_4823180_alimentu» style=»float: right;» />

       Қарағанды облысында 7 мыңнан астам әке алимент төлеуден жалтарып жүр. Көкек әкелерді тәубаға шақырып шаршаған сот орындаушылары олардың бірін сотқа жетектеп әкеп, 5 тәулікке қамады деп хабарлайды КТК. 
       Тоғыз жасар қызына тиын таттырмаған Александр Веселовтың қарызы 300 мың теңгеден асып жығылған. Бүгін де сот алдында денсаулық сыр берді, жағдайым болмай жүр, жұмыс таппадым деген сан сылтау айтты. Басындағы дүние мүлкін ағайындарының атына жазып, алатын жалақысын жасырып жүрген оның сөзіне сот сенген жоқ. Сот орындаушылары көкек әкенің көбі дәл осылай сайрайды дейді. Бүгінге дейін осындай борышкерлердің бала-шағасы алдындағы қарызы 170 миллион теңгеге жетіпті. Енді заңға өзгерістер еніп, алименттен жалтарып жүргендер шетінен сотқа тартылмақшы. Бүгін 5 күнге қамауға алынған Александр әлгі 300 мыңды 3 ай ішінде қайтарып бермесе қылмыстық іс қозғалып, 2 жылға сотталатын болады.
       Александр Веселов, борышкер: 
       -Әрине, бұл тірлігімнің қате екенін түсінемін. Жастай әке атандым. Кейін ажырасып кеттік. Баланың еш кінәсі жоқ қой. Дұрыс жұмыс тауып, берешегімді төлеймін. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика